Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Өзін үш жігіт зорлағанын айтқан Алматы тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz Astana телеарнасына сілтеме жасап.
30 жастағы Алматы тұрғынының айтуынша, ол ғаламторда жас жігітпен танысқан, бір айдан кейін жаңа танысы оны үйіне компьютерлік ойын ойнауға шақырған. Жәбірленуші келісілген жерге келгенде оны үш жігіт ұрып, пышақпен қорқытып, зорлаған.
«Олар ұрды, қорқытты, зорлады. Мен олардың барлығына физикалық тұрғыда қарсы тұра алмадым. Мені қорқыныш жеңіп, өз өмірімнен қорқып, олардың айтқанының бәрін орындадым», – дейді Әділ.
Жәбірленушінің сөзінше, бұзақылық үш сағаттан астам уақытқа созылған. Олар барлығын видеоға түсірген. Видео үшін жарты миллион теңге талап еткен. Жәбірленушінің картасында ондай ақша болмай, 100 мың теңге беріп құтылған.
Әділ жастар осылайша нәпақа тауып жүр деп ойлайды. Тағы бір нұсқа – бұзақылар бұл әрекеттерді тапсырыспен істеген болуы мүмкін.
Айта кетейік, ер адам 15 қаңтарда полицияға арызданып, бір күн бұрын жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшырағанын айтқан.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ», – дедінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«НеМолчи» қорының жазуынша, Оқиға 14 қаңтарда түнгі уақытта болған. 30 жастағы ер адамды өзін Жандос деп таныстырған ер адам үйіне алдап шақырып алып, тағы екі адаммен қосылып, зорлық-зомбылық жасаған.