Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар өңделеді

Алматыда жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар өңделеді

Алматы әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару үшін инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 

– 2024 жылы Алматыда контейнерлік алаңдарды жаңғырту және ескі металл контейнерлерді заманауи пластикалық тереңдетілген модельдерге ауыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Бұл 3 текше метр контейнерлер отқа төзімді және ылғалдан қорғайтын материалдардан жасалған. Олардың артықшылығы – герметикалы және қаңғыбас иттер мен құстар кіре алмайды. Сондай-ақ, тереңдетілген контейнерлер жағымсыз иісті таратпайды әрі эстетикалы, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Қазір қалада 1 454 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаң орнатылды, оның 287-і тереңдетілген.

– Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында Алматыда Еcosen және Экохаб Econetwork экостанцияларын қоса алғанда, қайталама шикізатты қабылдаудың 8 кешенді пункті жұмыс істейді. Қалдықтардың «құрғақ» фракцияларын жинау үшін 1300-ден астам торлы контейнерлер орнатылды, жыл басынан бері пластикалық және алюминий сусын банкаларын қабылдауға арналған 53 фандомат іске қосылды, – деп атап өтті әкімдіктен.

Қоқыс сұрыптау кешені жылына 550 мың тоннаға дейін қалдықтарды өңдейді. 2024 жылдың 11 айында қалдықтардың 15,2% қайта өңделді, бұл 74 637 тонна қайталама шикізатқа сәйкес келеді.

Ұқсас материалдар