Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыдағы «Барыс-4» базарында 25 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматыдағы «Барыс-4» базарында 25 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматыдағы «Барыс-4» көтерме базарында жүргізілген кешенді тексеріс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717 кәсіпкер тауар бағасын теңгемен көрсетпесе, 308 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар өнімдерге рұқсат етілген 15 пайыздық сауда үстемесін асырған.

Заңбұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге жалпы сомасы 25 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар 18 өнімсіз делдалдық схема анықталып, олардың қызметі тоқтатылды. Әкімдік мұндай тексерулер алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар