Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер ашылады

Алматыдан Шанхайға тікелей рейстер ашылады

Air Astana авиакомпаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын іске қосады.

Рейстер 29 наурыздан бастап аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады.

Министрлік бұл бағыттың ашылуы халықаралық әуе қатынасын дамыту және еліміздің көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі екенін атап өтті.

Жаңа бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға, іскерлік ынтымақтастыққа және туристік алмасуға тың серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас материалдар