
«Алматыэнергосбыт» компаниясы 2025 жылдың 1 маусымнан бастап Алматы қаласында электр энергиясының шекті тарифін көтеруге өтініш берді.
Алайда, түпкілікті шешімді табиғи монополияларды реттеу органдары қабылдап, тарифті бекітеді.
Электр энергиясын жеткізуші компанияның мәліметінше, қаңтар айынан бастап электр қуатын жүктемеге дайындау құны, ал сәуірден бастап өңірлік желілер арқылы электр энергиясын жеткізу, ұлттық электр желісін пайдалану және өндіру мен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті ұйымдастыру тарифтері өскен.
Тұтыну көлеміне қарай ұсынылған шекті тарифтер (ҚҚС-сыз):
26,8 теңге/кВт⋅сағ
35,42 теңге/кВт⋅сағ
44,28 теңге/кВт⋅сағ
Тұтынушылар санаты бойынша ұсынылған тарифтер төмендегідей:
Жеке тұлғалар – 29,52 теңге/кВт⋅сағ
Коммерциялық (бей тұрмыстық) тұтынушылар – 38,66 теңге/кВт⋅сағ
Бюджеттік мекемелер – 111,72 теңге/кВт⋅сағ
Бұған дейін Алматы қаласы бойынша қала тұрғындарының электр энергиясына жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткенін жазған едік.