Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды

Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетовке қатысты үкім шығарды. 

Сот Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Ал Самамбетов 10 жылға сотталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, АхмАреджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген, бұл жер учаскелерінің кадастрлық құнын айналып өтуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.

Ұқсас материалдар