Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіретін дизель отыны сары түсті болады

Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіретін дизель отыны сары түсті болады

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарындағы дизель отынын бояуға қатысты жоспарлары туралы 13 мамырда өткен көктемгі дала жұмыстары мәселесіне қатысты үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндап берді. 

Үкімет отырысында Премьер-министр шаруалар үшін жеңілдетілген жанар-жағар майды мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлық өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайтынын атап өтті.  Үкімет басшысы аграршылар үшін жеңілдікті дизель отынын тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету маңызды екенін де айтты. 

«Белгіленген көлемде арзандатылған дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл бірінші кезекте – әкімдіктердің жауапкершілігі. Бүгінгі таңда шамамен 220мың тонна отын жөнелтілді. Бұны мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлықпен өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды. Отынның барлық қажетті мөлшері фермерлерге бекітілген кесте бойынша жеткізіп берілуі тиіс», — деп атап өткен Премьер-министр облыс әкімдіктеріне жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз жабдықтау мақсатында жүйелі мониторингіні қамтамасыз етіп, жеңілдетілген дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы жаңартылған ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырды.

Энергетика министрі осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 400,9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткенін атап өтті. Дизель отынының бағасы – ҚҚС қосқанда литрі 254 теңге, бұл жанармай құю стансасындағы бөлшек сауда бағасынан 15-20% арзан.

Сондай-ақ министр АШТӨ үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды:

  • жеке ПИН-кодтар алынды;
  • дизель отынын сары (АМӨЗ), көк (ШМӨЗ) және қызыл (ПМХЗ) түстерге бояу жүргізілді;
  • электронды счет-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құрылды.

Ұқсас материалдар