Жаңалықтар
Ұшақ қозғалтқышындағы өрттен кейін Анталия әуежайы рейстерді қайта қабылдай бастады
Осы оқиғадан кейін Түркияның Анталия халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдаудан бас тартқан. Ал қазір ұшу-келу рейсі қайта жандана бастады, – деп хабарлайды әуежайдың онлайн-таблосы.
Айта кетейік, жексенбі кешінде ресейлік “Азимут” әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы Анталияға қонғаннан кейін қозғалтқышы өртенген болатын.Әуе компаниясының мәлімдемесіне сәйкес, ұшақ желдің өзгеруі салдарынан қатаң қону жасаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Анталия әуежайы ресейлік SSJ-100 ұшағымен болған оқиғадан кейін ұшақтарды қабылдауды қайта бастады.
Қазір кейбір халықаралық және ішкі рейстер қонса, ал таңертең Анталиядан бірнеше рейске тіркеу ашылды.