Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi

Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi

Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.

Несие жүйесi – жалпы банктердiң ( ұлттық және коммерциялық ) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк мекемелердiң жиынтығы.

Көпреген мемлекеттерде несие жүйесi туралы екi ұғым қалыптасқан:

  • Несие-есеп қатынастары, оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы;
  • Қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы;

Несие қатынастары несиенiң барлық формалары мен түрлерiн қамтиды. Несие жүйесi қаржы-несие мекемелернiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсiпорынға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарының қарызға беруi.

Несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшiн бөлiп беру.

Несие жүйесi мемлекеттiң ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бiр саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдерi жүргiзiлiп, сонымен несиелiк, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтедi.

Несие жүйесiнiң ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасты.

Қазiргi уақытта несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi:

  • Банк монополиясының пайда болуы нәтижесiнде банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы. Бiрiшiсiнде ұсақ банктердiң күйреуi, олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiшiсiне корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жүйелердiң дамуы. Корреспонденттiк қатынастар дегенiмiз несие мекемелерi арсындағы келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты – бiр-бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.
  • Әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi.Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өрмiте түстi. Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие мекемелерiнiң арасында жүредi.
  • Банк капиталы мен өнеркәсiп капиталының бiрiгiп қаржы капиталын құру.Өнеркәсiп пен банк iсiнде монополиялардың пайда болуы және олардың бiрiгiп жұмыс жүргiзуi қаржы капиталының құрылуына негiз болады.
  • Несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстер.Несие-қаржы мекемелерiнiң ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк iсiнiң кеңеюiне жол ашып, несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстерге әкеледi.

Капиталын иемденуiне қарай қаржы-несие мекемелерi:

  • Мемлекеттiк
  • Жеке

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кездерi отарлау жүйесiнiң құлауы  нәтижесiнде елдерде құралған ұлттық несие мекемелерiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызды. Әлемде валюта-несие және қаржы мекемелерi: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкi, аймақтық Даму банктерi және т.с.с.

Несие мекемелерiнiң клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiне қарай несие жүйесi 3 элементтен тұрады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк– «банктердiң банкi», бiрiншi деңгейдегi мемлекеттiк банк, кез келген елдiң мемлекеттiк, халықтық немесе ұлттық банк  деп аталуына тәуелсiз эмиссиялық, ақша-несие мекемесi болып табылады. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргiзбейдi, оның клиенттерi - коммерциялық банктер, үкiмет ұйымдары және басқа да мекемелер. Банктiк мекемелерге қатысты Орталық банк тiкелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерiн атқарады. Несиелiк жүйесiнiң қалған буынына Орталық банк несиелiк және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлi секторлары, несие-қаржы қызметтерiнiң өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етедi.
  • Коммерциялық банктер. Ол – екiншi деңгейiндегi банк, қарыз капиталы нарығының әр түрлi секторларында қызмет ететiн көп қызметтi мекемелер. Олар кәсiпкерлiк тәжiребисiнде белгiлi бiр көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер елдiң несие жүйесiнде негiзгi, базалық буын ролiн атқарады. Олар үкiметтiң, iскерлiк мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
  • Мамандырылған несиелiк мекемелер:сақтандыру, жинақтық, ипотекалық ,сенiмгерлiк және т.б.

Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:

  • Банктiк жүйе.Банктiк жүйебанктiк операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы банк жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты – отандық банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу. Қазақстандағы банк жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған «Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңында жазылған.
  • Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан қалыптасып, ендi ғана бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Банктiк емес мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден айырмашылығы – олар бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне қызмет етсе, банктiк операциялардың жекелеген түрлерi бойынша қызмет көрсетедi.

Маманданған қаржы-несие мекемелерi

Маманданған қаржы-несие мекемелерi кез келген елдiң несие жүйесiнiң маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кiшкене аясында ғана қызмететедi. Бұл әр түрлi мамандалған қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы: сауда жинақ мекемелерi инвестициялық компаниялар және қорлар, несие-жинақтау мекемелерi, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегi өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өздерiнiң бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Бұл мекемелердiң несие банктерден айырмашылығы – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерiн негiзiнен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту.Ал, қазiргi кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызметкөрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседi, яғни коммерциялық банктер мен банктiк емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалтады. Дәстүрлi емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктiк нарыққа енiп келедi.

Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерi ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелерi саласындағы кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

Кейбiр арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейiн Жаңа экономикалық саясат жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру тұсында несиелiк серiктестiктер өзара несие беру қоғамы несиелiк одақтар және т.б. түрiнде болған. Қазiр банктiк емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бiрлестiктерiнiрi агроөнерәсiп бiрлестiктерiн, қаржы-есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

Маманданған қаржы-несие мекемелерi алуан түрлi қызмет көрсетедi:

Тұтыну несиесiн беру;

  • Ауыл шаруашылық несиесiн беру;
  • Халықтың ұсақ жинақтарын;
  • Ипотекалық несие беру;
  • Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру;

Экономикалық нарыққа өтуi несиелiк жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкiн қаржы-несиенiң дамуын талап етедi.

Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

Ломбард

Ломбардтар – бұл жылжитын мүлiктердердi кепiлге ала отырып, қысқа мерзiмдi ссудалар беретiн несиелiк мекеме.

Тарихта ломбардтар өсiмқорлық несие беретiн жеке меншiк кәсiпорын ретiнде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлiк, оның iшiнде бағалы қағаздар мен асыл тастар (бағалы қағаздардан басқа) кеiлге алып, тұтыну несиесiн беру болып табылады. Олардың ссудалары негiзiнен қысқа мерзiмге (30 күнге дейiнгi мерзiмге) кепiлге салатын мүлiк құнының 50-80 мөлшерiнде берiледi. Кепiлге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердiң құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негiзде кепiлге салынған мүлiктердi сатумен айналысады.

ҚР Ұлттық банктiң 1997 жылғы 29 тамыздағы №314 «Ломбард туралы» ережесiне сәйкес, ломбард банк болып табылмайтын Ұлттық банктiң берген лицензиясы негiзiнде операциялар мен қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға.

Өзара несие қоғамдары

Өзара несие қоғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететiн коммерциялық банктерге қызметiнiң сипаты жағынан ұқсас келетiн несиелiк мекеме.

Бұл қоғамдар Ұлы Қазан төңкерiсiне дейiнгi Ресейде, соның iшiнде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсiпшелер мен саудагерлерге несие-есеп айырысу қызметiн көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.

Ипотекалық компаниялар

«Ипотека» деген термин ең алғаш рет бiздiң эрамызға дейiнгi I-II ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгi Грецияда бiздiң эрамызға дейiнгi XIV ғасырларда пайда болды. Ипотека терминi «hyrotheke» -  «кепiлдiк, кепiлзат, кепiлге салу» деген мағынаны бiлдiредi. Ипотекалық несие дегенiмiз – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге алып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудiң бiр түрi болып табылады. Ипотекалық несиенiң экономикалық жағынан - бұл банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң алуан түрлiлiгi болып табылады. Қарапайым тiлмен айтсақ, ипотека дегенiмiз - қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегi «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Ресубликасының заңына сәйкес ипотекалық несие дегенiмiз – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi. Жылжымайтын мүлiк – жер учаскесi, ақ үйлер, ғимараттар және жермен байланыстағы өзге де мүлiктер. Ал осы қарыз ақшаны ол ипотекалық компаниядан ала алады.

Ипотекалық компаниялар көбiне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерiнде көп дамыған. Мысалы, АҚШ-та қазiргi заманда ипотека жылына жалпы сомасы 3-4 млрд. долларға 5 млн.-нан астам ипотекалық мәмiле жасалады. 1934 жылы құрылған Федералдық тұрғын үй әкiмшiлiгi жергiлiктi халықты аса жоғары емес топтары үшiн тиiстi үкiметтiк бағдарламалар әзiрлеп отырады. Ұлыбританияда ипотекалық несиелер көлемi – жылдық жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) 60%-ын, Германияда ЖIӨ-ның 50%-дан астамын құрайды.

Инвестициялық компания (қор)

«Инвестиция» ұғымы ол латын тiлiнен шыққан «салу» қаржы салу немесе қаржыландыру, қаржы тартуды бiлдiредi. Басты мақсаты экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.

Инвестиция құрамына: мүлiктер, байлықтар, материалдық және интеллектуалдық құндылықтар кiредi.

Инвестициялық компания – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзiнiң акцияларын шығарғу және ашық түрде орналықтару арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметiн жүзеге асыратын акционерлiк қоғам формасында құрылатын заңды тұлға.

Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық компаниялардың екi түрi бар:

  • Өзара бiрiккен қорлар - ашық типтi – акция ұстаушының талабы бойынша акцияларды керi сатып алуға мiндеттенедi;
  • Инвестициялық компания - жабық типтi – ондай құқығы жоқ;

Иневестициялық компанияны басқарушы – инвестициялық  қормен оны басқару туралы келiсiм-шарт негiзiнде әрекет етушi және бағалы қағаздар портфелiн басқаруға байланысты кәсiби қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлға.

Инвестициялық банктерден айырмашылығы басқаларының басқарушы қызметiн атқаруға құқығы жоқ.

Несиелiк серiктестiк

Несиелiк серiктестiк – банк болып табылмайтын, өзiнiң қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметiн Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргiзуге асырушы заңды тұлға. Несиелiк серiктестiк жабық акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiде құрылатын және өз қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. Несиелiк серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкiлеттi атқарушы және сот билiгiнен, қаржылық капиталы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тiркеген мемлекеттiң заңымен сәйкес келетiн оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкiн.

Несиелiк серiктестiктердiң жарғылық капиталы пай қосу және мiндеттi кiру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғаларыф кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкiлеттiлiктерiн және еншiлес серiктестiктерiн ашуға құқығы болмайды.

«Несиелiк серiктестiк туралы» ҚР заңына сәйкес несиелiк серiктестiк бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкiнiң лицензиясы негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Несиелiк серiктестiктердiң мынандай түрлерi болады:

  • Несиелiк-депозиттiк серiктестiк– заңды тұлғалардың қабылдау мүмкiндiгi;
  • Ауыл несиелiк серiктестiгi- өзара несие беру үшiн, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерiктi түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банктiң жекелеген операцияларының түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандырылған банктер, үкiмет құрылымдары, заңы және жеке тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметi – ауыл шаруашылығы несие-еcеп  айырысу қызметiн көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелiк серiктестiктерiнiң клиенттерiне шаруақожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсiпорындар жатады. Негiзгi операциялары: қысқа және орта мерзiмге ссудалар беру және салымдарды қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелiк серiктестiктердi ұйымдастырудың басты ерекшелiгi – олардың қызметiнiң бiрқатар салық жеңiлдiктерiне ие болу, сондай-ақ оларға үлес қосушыларға да салықтық жеңiлдiктер болады;
  • Несиелiк серiктестiк– коммерциялық ұйым;

Несиелiк серiктестiк және ауыл несиелiк серiктестiгi ҚР заңдылықтарындағы ерекшелiктерiне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алды:

  • Коммандиттiк серiктестiк;
  • Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
  • Толық серiктестiк;
  • Акционерлiк қоғам;

Микрокредиттiк ұйымдар

Микрокредиттiк ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

Сақтандыру компаниясы

Сақтандыру дегенiмiз – белгiлi бiр сақтандыру жағдайлары кезiнде сақтаушылардың сақтандыру төлемдерiнен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдерi ақшалай қорлардың есебiнен төленетiн жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерiн мүлiктiк қорғау жөнiндегi қарым-қатынас болып табылады.

Сақтандырушы – сақтандыру қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған, сақтандырудың тиiстi түрiн жүргiзу құқығына лицензия алған коммерциялық ұйым.

Сақтандыру компаниясы – сақтандыру ұйымдары айналасатын операциялармен шұғылданады. Олар сақтандыру полистерiн сату арқылы қаражат табады. Пассивi сақтандыру жарнамаларынан және активтiк операциялардан түскен табыстан құралады. Оларды сақтандыру полистерiн төлеуге, ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшiн кепiлдiкке жұмсайды.

Сақтандыру мiндеттiлiк дәрiжесi бойынша:

  • Ерiктi сақтандыру– тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.
  • Мiндеттi сақтандыру– тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтандыру объектiсi бойынша:

  • Жеке сақтандыру: өмiрдi, денсаулықты, еңбек қабiлеттiлiгiнжәне азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделердi сақтандыру жатады.
  • Мүлiктi сақтандыру: кәсiпкерлiк тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса алғанда мүлiк пен онымен байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.

Жинақ мекемелерi 

Жинақ мекемелерi – жергiлiктi басқару органдары, не пошта ұйымдастырған мемлекеттiк мекемелер, яғни ол капитал ретiн пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзiнде жинақтайды. Жинақ мекемелерi XX ғ. 30-40жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелерi түрiнде болды. Оның мынандай түрi бар:

  • өзара жинақтау банктерi
  • несие-жинақтау ассоциациялар
  • несиелiк одақтар

Өзара жинақтау банктерi

Өзара жинақтау банктерi – «өзара бiрiккен» кәсiпорындар. Олар халықтың ұсақ салымдарын белгiлi бiр мерзiмге қабылдайды. Осы салымдарды тек 30 күннен кейiн қайта алуға болады. Қаражат негiзiнен жылжымайтын мүлiк туралы актiлер мен бағалы қағаздарды кепiлге ала отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздарға, тұрғын үй салу үшiн ипотекаға, үкiмет органдарының облигацияларына жұмсалады. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын бередi.

Несие-жинақтау ассоциациялары 

Несие-жинақтау ассоциациялары – клиенттерге керi сатып алынатын және процент түрiнде табыс түсiретiн сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Ассоциация капиталының көп бөлiгi ипотекаға салынады.

Несиелiк одақтар – бұл белгiлi бiр жеке тұлғалардан немесе ұсақ мекемелерден ұйымдастырылатын несиелiк кооперативтер. Оны кәсiподақтар, iрi кәсiпорындар, шiркеулер ұйымдастырады. Олар негiзiнен АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.

Олар негiзгi екi типте болуы мүмкiн:

  • Қысқа мерзiмдi тұтыну несиесiн беру мақсатында кәсiби немесе аумақтық белгiлерiне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған;
  • Еркiмен қосылған дербес несиелiк серiктестiк түрiнде, мысалы, ссуда жинақ серiктестiктерi, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.
  • Несиелiк одақтардың капиталдары олардың мүшелерiнiң қосатын үлесiнен және пайыздарды төлеу, сондай-ақ зайымдарды шығару жолымен қалыптасады.
Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары

Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары – пайлық депозиттiк сертификаттарды, қазыналық вексельдердi сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетiн қысқа мерзiмдi бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелiн құруға бағыттайды. Осыдан түскен табыс акционерлерге төленедi. Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары алғашқыда 70-жылдары пайда болған.

Қаржы компаниялары

Қаржы компаниялары – тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелеуге және коммерциялық несие беруге маманданған мекемелер. Олар компаниялардың өздерi шығарған қысқа мерзiмдi мiндеттемелер мен коммерциялық банктердiң берген несиесiнен құралады.

Бюджеттен тыс қорлар

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет олрды белгiлi бiр қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру үшiн тарта отырып, оперативтiк дербес негiзiнде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу жзәне пайдалану нысандардың бiрiн бiлдiредi. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретiнде бола алады, себебi, бiрiншiден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейдi, ал екiншiден, инвестициядан түсетiн табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

Қазақстандағы мемелекеттiк бюджеттен тыс қорларға жататындар:

  • Зейнетақы қоры;
  • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттiк қоры;
  • Әлеуметтiк сақтандыру қоры;
  • Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры;
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - жұмыс жасайтын адамдардың жалақысынан белгiлi мөлшердегi аударымды жинақ ретiнде қабылдап, оларды зейнет жасына жеткенде берiп отырады. Оладың активтерiн басқаратындарды «Зейнетақы қорларының активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар» деп атайды. Бұл ұйымдар олардың активтерiн белгiленген нормативтерге сәйкес әр түрлi бағыттарда орналастырып, оларда табыстар алады. Сөйтiп, ондай табыстарды зейнетақы қорында жинағы бар салымшылардың шотына есептейдi.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары екi түрге бөлiнедi:

  • Мемлекеттiк
  • Жеке

Әлеуметтiк сақтандыру қоры

Әлеуметтiк сақтандыру қоры – аумақтық және салалық деңгейде бөлiнетiн, мемлекеттiк маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлi меншiк формасындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру әдiсi арқылы құрылады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан – мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар жасау есебiнен қалыптасады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлi жәрдемақылар төлеуге емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың шығындарының басым бөлiгiн жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Еңбекпен қамту мемлекеттiк қоры

Еңбекпен қамту мемлекеттiк қоры мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң төңiрегiнде дербес жүйе ретiнде құрылған және мемлекеттiң жұмыспен қамтуға байланысты саясатын iске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталған. Оның қаражаттары мемлекеттiк бюджетке жатпайды, ол бюджеттен тыс қор.

Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры

Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры  сақтандырылған азматтарға медициналық көмек ретiнде жағдай жасауға бағытталады.

Кастодиан

Кастодиан – бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмiлесiн жүргiзетiн және өзiне сенiп тапсырылған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.

Кастодиан – банк: зейнетақы және кооперативтiк активтердiң жалпы сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруiн, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсiмдер сомасын, комиссиондық сыйақы сомасын тексередi.

Қаржы-несие мекемелерiнiң функциялары

Ломбард

Ломбард операцияларына мыналар жатады:

  • ломбардтық операциялар: тез iске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлiктердi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие берудi сипаттайды;
  • бағалы металдардан (алтыннан, күмiстен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы қағаздар және асыл тастардан тұратын зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтiк қызметтер: клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтiк жәшiктердi, шкафтарды, бөлмелердi жалға беру қызметтерiн көрсетедi;
  • келiсiмшарт мерзiмi iшiнде жалға берген мүлiкке жалға берушiнiң меншiк құғын сақтай отырып, ол мүлiктi жалға беру;
  • заң талаптарына сәйкес кепiлге алынған мүлiктi сату;

Ломбардтың құрылтайшылары қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Мемлекет өзiнiң өкiлеттi органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкiн.

 Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлiк қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметiн жүзеге асырады.

Несиелiк операцияларды ұйымдастырудың басты ерекшелiгi – мұнда несиелiк шарт және кепiл мiндеттемелерi болмайды. Ссуданы беру барысында клиент кепiлге зат қойғандығын және ссуда алғандығы растайтын құжат немесе кепiл билетiн алады. Онда қарыз алушының реквизиттерi және мәмiленiң басты шарты көрсетiледi.

Ипотекалық компания

Сонымен, ипотекалық компания – жердi және жылжымайтын мүлiктi кепiлге ала отырп, ұзақ мерзiмге несиелiк  операцияларды жүзеге асырады. Бұл компаниялар пассивтерiнiң басым бөлiгi ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.

Салалық және аумақтық компаниялардың мамандану дәрежесi олардың активтерi мен пассивтерiн құрау ерекшелiктерi белгiлi бiр мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiн ұйымдастыру ерекшелiктерiмен байланысты болып келедi.

Ипотекалық несиенiң қағидалары:

  • Меншiк құқығын шектеу шартында борышқордың қолында мүлiктiң қалуы;
  • Кепiл үлесiнiң түрiнде ссудалар мөлшерiнiң анықталуы;
  • Сол сияқты мүлiктi үстеме ипотекалық ссудаға кепiлге алу;
  • Сақтандыру есебi бойынша несие беру;

Әр жеке тұлға алдын ала төлем қабiлетiн тексеруден өткен жағдайда оған мынадай жеңiлдiктер жасалынады:

  • Егер де несиегер алғашқы жарнаны салмау мақсатында қосымша жылжымайтын мүлiктi өткiзген жағдайда, ипотекалық тұрғын үйге несие алудың алғашқы жарнасы болмаған жағдайда несие алу мүмкiндiгi;
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған жағдайда, 85%-ға дейiнгi мөлшерде несие алу мүмкiндiгi берiлуi;
  • Егер де «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ-мен сақтандыру шартын жасаған жағдайда, алатын үйдiң құнының 90%-ға дейiнгi мөлшерде несие алу мүмкiндiгi берiлуi.
  • Егер де несегердiң табысы жетпеген жағдайда, қосымша несиегердi немесе кепiлшiнi, жеке тұлға әрi заңды тұлға ретiнде де тарту мүмкiндiгi берiледi.

Серiктестiк банкте алдын ала төлем қабiлетiн тексеруден өткеннен кейiн ипотекалық тұрғын үй несиелерiн алудың сомасын белгiлейдi және несиегерге өзiнiң талптарына сай келетiн әрi болашақ борышын өтеудi ескерiп ай сайынғы шығыстарын жоспарлауға, нарыққа арналған жылжымайтын мүлiктi тандауына мүмкiндiк бередi. Несегер алдын ала төлем қабiлетiн тексеру рәсiмдерi өткеннен кейiн, серiктес банктiң қызметкерi қарау үшiн және банктiң кредит комитетiнiң ипотекалық тұрғын үй несиесiн беру шешiмiн қабылдау үшiн қажеттi құжаттардың тiзбелерiн ұсынады, бiрақ несиегер банктiң алдын ала төлем қабiлетiн тексерудi ипотекалық тұрғын үй несиесiн беруге кепiлдiк бермейдi.

Инвестициялық компания

Инвестициялық компанияның мынандай құқықтары бар: *

  • сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiне тиiстi акциялары бойынша акционерлiк қоғамның басқаруына қатысуға;
  • басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелiн басқару туралы келiсм-шарт жасауға;
  • басқа тұлғалардың барлығымен, соның iшiнде тiркеушi және кастодиандық келiсiм-шарт жасауға, өзгертуге және қарым-қатынасты тоқтатуға;
  • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiн басқаруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан талап етуге және алуға;

Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:

  • акциядан басқа бағалы қағаз түрлерiн шығаруға;
  • банктерден инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнынан он пайыздан астам мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;
  • акцияның бақылау пакетiн сатып алуға күштi шектеу қоюға;
  • кез келген тәсiлде заемдар беруге;
  • қайта сатып алу шартымен өзiне тиiстi бағалы қағаздарды сатуға (РЕПО операциясы);

* Сейiтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» - А: Экономика, 2001 ж.

Инвестициялық компанияға қойылатын ең маңызды шектеу – бұл оны өзiнiң бағалы қағаздар портфелiнен басқарудағы қызметiн тәжiрибе жүзiнде айыруды сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелiн басқаруға қатысты барлық қызмет инвестициялық компанияны басқарушыға жүктеледi.

Несиелiк серiктестiк

Несиелiк серiктестiктердiң басты пассив операцияларына – салымдарды тарту және займдарды орналастыпу; актив операцияларына – ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.

Несиелiк серiктестiктiң мынандай операциялары жүзеге асырады:

  • Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды сақтау, қабылдау, санау, ұсақтау, сорттау, қаптау, айырбастау және т.б.;
  • Қарыздық операциялар: несиелiк серiктестiк қатысушыларына ақшалай формада несиелер беру;
  • Аударымдық операциялар: ақша аудару бойынша несиелiк серiктестiк қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
  • Сенiм (трастылық) операциялары: сенiм бiлдiрушiнiң (несиелiк серiктестiк қатысушылардың) мүддесiне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;
  • Несиелiк қатысушылар үшiн клирингтiк операциялар: төлемдердi жинақтау, салыстыру, сұрыптау және растау, сонымен бiрге олардың өзара есепке алу мен клирингке (несиелiк серiктестiк) қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
  • Сейфтiк операциялар: сейфтiк жәшiктердi, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса есептегендегi клиенттердiң бағалы қағаздары, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
  • Несиелiк серiктестiкке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;
  • Несиелiк серiктестiкке қатысушыларының банктiк шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу;

Аталған операциялардан басқа, несиелiк серiктестiктер Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетiлгендей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • факторингтiк операциялар– төлемiн төлемеу тәуекелi қабылдануымен бiрге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыларды төлемдi талап ету құқығына ие болуы;
  • форфейтингтiк операциялар(форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз вексельдi сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыздық мiндеттемесiн төлеу;
  • келiсiм-шарттың бүкiл әрекет ету мерзiмi iшiнде жалға берiлетiн мүлiкке жалға берушiнiң меншiк құқығының сақталуымен мүлiктi жалға беру (лизинг);

Негiзгi операцияларына мыналар жатады:

  • Салымдарды тарту және займдарды шығару;
  • Өзiнiң мүшелерiне қамтамасыз етiлген ссудалар беру;
  • Сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар;
  • Кеңес беру және өз мүшелерiне аудиторлық қызмет көрсету;

Зейнетақы қоры

Зейнетақы қорының басы мiндеттерi:

  • Зейнетақы мен балаларға жәрдеақы төлеу үшiн мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
  • Халықты әлеуметтiк қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келiсiм-шарт негiзiнде қатысуы;
  • Өзiн-өзi қаржыландыру қағидаларының негiзiнде қор қаражаттарының ұдайы өндiрiсiн ұлғайту;

Қазақстанда қаржы-несие мекемелерiнiң дамуы

Сақтандыру компания

Революцияға дейiнгi Қазақстандағы сақтандыру жүйесi және сақтандыру компаниялар туралы мәлiмет аз. Сол кездегi көшпендi қазақтардың экономикасы және өндiрiстiк күштерi жақсы дамымағандықтан сақтандыру өзiнiң ықпалын жаса алмады. Сақтандыру келiсiм шарты жасасалса, ол Ресеймен шекаралас қалаларда. Қазақстанның экономикасына және күнделiктi өмiрге сақтандыру революциядан кеiнгi кезеңде келдi. Қазан революциядан кейiн Ресейде сақтандыру және басқа да қаржы-несие мекемелерi ұлттықтандырылды. 1918 ж.-ғы 28 қарашаның Ресей Республикасындағы «Мекемелердiң сақтандыру iсi» декретке және монополияның орнатылуына сәйкес ұлттықтандыру аяқталды. Осы кезде мемлекеттiң экономикаға және шаруашылық өмiрге нарықтық қатынастардың элементтерi сiңе бастады. Нарықтық экономиканың заңдары өз шарттарын қоя бастады: «Нарық болған жерде ғана сақтандыру болады». 1921 жылғы 6 қазандағы «Мемлекеттiк мүлiктiк сақтандыру» декретiне сәйкес жаңа ұйым және сақтандыру жүргiзу формасы қалыптасты. Барлық ауылдық, қалалық жерлерде мемлекеттiк сақтандыру ұйымдастырылды. Бiрақ осы сақтандыру жүйесi шетелдiктерге арналмаған. Халықтың қаржы комитетiнде сақтандырудың жаңа заңдарын, инструкциясын шығару мiндеттелдi. Осы кезде максималды сақтандыру сомасы 20 млрд. руб.-ден аспауы керек едi. «Қырғыз (Қазақ) ССР-де сақтандыру iсiнiң ұйымдастыру тәртiбi туралы» 1921 жылғы 14 желтоқсанның Совхалком бекiткен Жағдайы бар.Қырреспубликасында сақтандыру iсiнiң мемлекеттегi экономикалық жағдайдың нашар дамуы, халықтың жалақының төмендiгiнен және мамандардың болмауынан көптеген қиыншылықтарға ұшырады. 1926 жылы Қазақ АССР-де Росгосстрах, оның құрамында  Росгосстрахтың бiрiккен басқару ұйымы құрылды. Осы кезде сақтандырудың әр түрлi пайда болды: ерiктi, жануарларды, өмiрдi, көлiктi, кепiлдемелiк сақтандыру. 1968 жылдан бастап сақтандыру қарқынды дами бастады. 1969 ж. өмiрдi сақтандырудың төлеу сомасы екi еселендi. 1991 ж. инфляция болғандықтан Қазақстан Республикада барлық сақтандыру түрлерiнен 1447,0 млн. руб. жинақталынды,  оның iшiнде 658,2 млн.  ерiктi сақтандырудан. Соңғы «ескi» мемлекеттiк сақтандыру жүйесi 1995ж. 17 сәуiрде аяқталды, осы кезде Министрлер кабинетi Қазақстан Республика Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы ААҚ «СК Сенiм»-ге өзгертiлдi.

Өз қызметiн Қазақстан Республикасы аймағында жүзеге асыратын  шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетеелдiк заңды тұлғалар сақтандырушылық қорғау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен жеке заңды тұлғалармен бiрдей пайдаланады.

Шетелдiк иневесторлардың Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы қатысу үлесi 50%-дан аспауы тиiс.

Мемлекеттiк емес сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының таңдауы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе акционерлiк қоғам формасында құрылады.

Мемлекеттiк сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының таңдауы бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк немесе акционерлiк қоғам формасында құрылды.

Сақтандыру ұйымының жарғылық қоры меншiк түрiне және ұйымдастыру-құқықтық формасына байланысты 40 мың минималды айлық жалақыдан кем болмауы керек. Сақтандыру ұйымын  мемлекеттiк тiркеу мезетiне жарғылық қорындағы ақша қаражатының үлесi 75%-дан кем болуы мүмкiн емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттiк тiркеу мезетiне жарғылық қор минималды мөлшердiң 50%-дан кем емес сомада қалыптастырылуы керек, бұл тиiстi банк берген     құжаттармен расталуы қажет. Қордың қалған бөлiгi құрылтайшылық құжаттармен қарастырылған мөлшерге дейiнгi, яғни сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына   лицензия алу мезетiнде қалыптастырылуы тиiс.

Дүниежүзiлiк нарық глобализацияда қазақстандық сақтандыру көрсеткiшi өте қарапайым.   1997-2004 ж.ж. аралығында  Қазақстанда сақтандыру премияларының қатынасы IЖӨ (ВВП)-ға 0,19%-дан 0.8%-ға өстi. 2004 жылы халыққа сақтандыру премиялардың қатынасы 2629,6 теңге құрайды (135,92 теңге немесе 19,3 доллар бiр адамға шаққанда).(1-шi таблица)

Сақтандыру секторының негiзгi көрсеткiшiнiң динамикасы

Көрсеткiштер 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
IЖӨ, млн теңге 1672100 1733300 2016500 2599900 3250600 3747200 4449800 4863631,4
Халықтың саны 15,4 15,1 14,9 14,8 14,4 14,8 14,9 15,2
IЖӨ-ға сақтандыру премиялардың қатынасы, % 0,19 0,24 0,29 0,32 0,43 0,61 0,65 0,8
IЖӨ-ға жеке капиталдың қатынасы, % 0,07 0,10 0,12 0,18 0,16 0,16 0,20 0,5
IЖӨ-ға активтердiң қатынасы, %   0,23 0,31 0,36 0,32 0,49 0,34 0,47 0,9
Халық санына сақтандыру премиялардың қатынасы, теңге 209,45 274,09 393,42 530,35 963,43 1535,09 1937,60 2629,6

* Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң сатистикалық бюллетенi

1997-2004 ж.ж. аралығында Қазақстанда жалпы сақтандыру компаниялар 32-ке азайды, қазiр 36 сақтандыру компаниялары бар, оның iшiнде екеуi «Ингострах» және ААҚ «Қазақстан-Росно» «Ресейлiк Халықтық сақтандыру қоғамы» «Росно». Сонымен қатар өмiрдi сақтайтын компаниялар бiреуге азайды, екеу-ақ қалды. 29-ы көлiктi сақтандыруға арналған. (сақтандыру компаниялардың тiзiмiн 1-қосымша-дан қара) Алматыда – 27, Қарағандыда – 5, Ақтөбеде – 2, Астанада – 1, Павлодарда – 1,Өскеменде – 1 компаниялар бар.

2004 жылы Қазақстан Республикасының реттеу және қадағалау агенствосы жалпы сақтандыруға мынадай жаңа ұйымдарға лицензия бердi:

  • АҚ «Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций»
  • АҚ «СК Номад Иншуранс»
  • АҚ «Зерновая страховая компания»

2004 жылы 19 қантарда «өмiрдi сақтандыру үшiн»   АҚ «ӨСК Валют-Транзит Life» лицензия берiлдi.

Қазiргi нарықта тұрақты және iрi сақтандыру компаниялары:

  • «Казахинстрах»
  • «Евразия»
  • «Нефтяная страховая компания»
  • «AIGКазахстан»
  • «Казкоммерц-Полис»

Соңғы 3 жылда сақтандыру брокерi 3 компанияға, актуриялар 1 компанияға және аудиттi iске асыруға құқығы бар лицензиялы 6 компания бар.  Нарықта 12 сақтандыру брокерi, 36 аудиторлық мекемелер және 70 аудиттер бар.

Соңғы 7 жылда тұтас меншiктi капиталы бар сақтандыру компаниялар 2169%-ға немесе 22,8 млрд. теңгеге өстi. Сонымен қатар 1997-2004 ж.ж.-дар арлығында сақтандыру компаниялардың активi 40,3 млрд. теңгеге немесе 1152,7%-ға өстi. Осындай көрсеткiштердiң себебi – нарықта жаңа компаниялардың пайда болу. Соңғы 7 жылда мемлекеттiң сақтандыру резервi өсуге тенденциясы бар. Егер де 1997-1999 ж.ж.-дар аралығында сақтандыру резервi 1,5 млн. Теңгеге өссе, 2000ж.-ғы жинақ бойынша 1,5 млн. теңгеге (59,1%-ға) кемiдi, ал келесi жылы ол 6,3 млрд. теңгеге (277,9%-ға) өседi. Бiрақ 2003 ж. сақтандыру резервiнiң көрсеткiшi 2004ж.-ға қарағанда 10,2 млрд. теңгеге (326,7%-ға) едәуiр өстi. Қорыта айтқанда 1997-2004 ж.ж. аралығында  көрсеткiштер 12,4 млрд. теңгенi немесе 633,2%-ды құрайды. (2-шi таблица)

Көрсеткiштер 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
Сақтандыру ұйымдарының жалпы көлемi, оның iшiнде 68 71 70 42 38 34 32 36
Резидент еместiң қатысуымен Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз 3 6 2
өмiрi сақтандыратын 2 2 3 1 1 1 1 2
Сақтандыру брокерлердiң саны Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз 5 6 8
Аудиторлық ұйымдардың көлемi Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз 28 34 28
Актуридiң саны Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз Жетл-сiз 26 28 27

* Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң сатистикалық бюллетенi

2-шi таблицада сақтандыру резервi бойынша үлкен үлесi АҚ «СК Евразия» (18,4%), сосын ААҚ СК «Казкоммерцполис» оған барлық 2004 жылғы жинақтан 10,2%-ы тиедi.

Сақтандыру институты елдiң экономикалық жүйесiнiң маңызды рөлiн атқарады. Қазақстанда сақтандыру нарығы құрылу сатысында тұр: заңдық нормативтерi жетiлiп, сақтандыру инфрастуктурасы құрылып жатыр. Қазiргi кезде сақтандыру неарығында негiзгi проблемалар – өмiрдi және жеке сақтандырудың жақсы дамымауы. Сонымен қатар сақтандыру секторындағы негiзгi проблемалар:

  • Ұсынылған қызметтердiң шектелуi;
  • Сақтандыру өнiмнiң қымбаттылығы және талапқа сай келмеуi;
  • Нарықта сақтандыру ұйымдарының активтiлiгi төмен;
  • Сақтандыратындардың сақтандыруға, әсiресе өмiрдi сақтандыруға көңiлi төмен;
  • Сақтандыру компаниялардың басқару сапасы төмен;
  • Займдарды беру системасы дамымаған;
  • Халықтың сақтандыру компанияға сенбеушiлiгi;
  • Сақтандыру ұйымдарда қызмет көрсету сапасы төмен;
  • сақтандыру бизнес обласындағы аздылығы;

Сақтандыру нарығындағы өзгерiстер туралы айтсақ, онда Қазақстан Республикасының 2004-2006 ж.ж.-ға арналған сақтандыру нарығының мемлекеттiк бағдарламасы туралы айтуға болады. Оның мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау. Осы бағдарламадан күтiлетiн нәтиже:

  • Ұлттық сақтандыру индустриясының нығайтылуы;
  • Жеке сақтандыруға сұраныстың көбеуi;
  • Сақтандыру нарығында қазiргi тұстас инфраструктураның құрылуы;
  • Халықтың сақтандыру мәдениетiнiң өсiуi;
  • Мiндеттi түрдегi сақтандырудың нәтижелi жүйесiнiң құрылуы;
  • Сақтандыру өрiсiнде кадрлық потенциалдың жақсаруы;
  • Жаңа сақтандыру өнiмдердi және технологияларды енгiзiiлуi;
  • Сақтандыру премиялардың көлемi 2007 ж.-да3-3,5 есе өсуi;
  • Жалпы өнiмде сақтандыру премиялардың көлемi 20%-ға көбеуi;
  • Сақтандыру қызметiнiң сапасының жақсаруы;

Қазiргi уақытта республикада және сақтандыру аса дамымаған. Қған мынадай проблемалар әсер етедi:

  • Халықтың табыс деңгейi молшылық емес;
  • Советтiк периодтан кейiнгi кезеңдегi жеке сақтандырудың тарихы пассивтi
  • Сенiмдi қаржы инвестициялық құралдардың шектiлiгi;
  • Потенциалдық сақтандырушылардың келешегiнiң сенiмсiздiлiгi;
  • Халықтың, жеке сақтандыру делдалдардың және сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетiнiң төмендiлiгi;
  • Халықтың ұзақ мерзiмдi жеке сақтандырудағы қатысудың экономикалық стимулдың жоқ болуы;
  • Халықтың сақтандыруға сенiмсiздiлiгi;

ААҚ «СК Евразия» сақтандыру премияларды жинау бойынша 1-шi 2004 ж. 18%-ды құрайды, 2003 ж.-мен салыстырғанда 9,5%-ға көп. 2-шi орында ЖАҚ КНС «Казахинстрах», оның үлесi 15%.  3-  шi орында ААҚ «Нефтяная страховая компания» оның үлесi 13,4%.

2004 ж. сақтандыру төлемiнiң көлем 6,7 млрд. теңгеге өседi, 2003 жылмен салыстырғанда 60%-ды құрайды. 31 желтоқсан 2004ж.-ғы мәлiмет бойынша  жалпы сақтандыру 6,6 млрд. теңге төлемi. 2010ж. Қазақстан қаржы нарығы өте жақсы дамиды. Қазақстандық сақтандыру нарығында СК «Аско» бiрiншi болып жаңа сақтандыру қызметiнiң жаңа әдiстерiн енгiздi. Олар жаңа технологиялар, соның iшiнде бинарлы сеттiк маркетингтi қолданады. Назар аударатын бiр жағдай осы компания қызметiнде жаңа жанұлы сақтандыру бағдарламасы қолданылады. Бұрыннан бiзге мәлiм сақтандырудың жеке және коллективтi болған, осы саақтандыру өнiмi басқалардан айырмашылығы: бiрiншiден, сапасы жоғары, екiншiден, сақтандыру нарығындағы жүрi әдiсi. Жеке жанұлы сақтандыру полисi көп деңгейлi сеттiк маркетингт негiзiнде жасалынады. Осы маркетинг арқылы клиентке таңдауға мүмкiндiк бередi. Полис алған клиент, осы бағдарламаны одан әрi жалғастырып, өзiндiк агенттерiн жинап, СК «Аско» компаниясында жұмыстей алады. Осындай бағдарламаны   СК «Аско» 1998-2004 ж. аралығында сақтандыру сомасы 33,3 млн. АҚШ долларын құрады. Клиенттердiң саны 31 мыңнан асты. Қазiр  СК «Аско» жаңа сату жүйесiн дамытып жатыр, олар бинарлы маркетингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерiн талдап жатыр. Қазiргi сұранысқа сәйкес жаңа сату жүйесiнiң көдлемi мен сапасы жақсартылып жатыр. Сетевой агенттер сатылатын өнiмнiң артықшылығын және сатып алатын клиенттiң психологиясын жақсы бiледi, тренинг өткiзiледi.

Өмiрдi сақтандыратын компанияның бiрi – «Династия». Ол 1991 ж. құрылған. Ол әрқашан өз мiндеттемесiн атқарады. Мәселен, ТРК «31 каналда» жұмыс iстеген журналиске авариядан кейiн компенсация төлендi. Компанияның филиалдары Қазақстанның әр регионында бар және жоғары маманданған агенттер бар. Өзiнiң жұмыс мерзiмiнде 30 мыңнан астам адам өз өмiрiн сақтандырды.

Ипотекалық компания

Қазақстан Республикасында ипотекалық несие жүйесi екi деңгейлi болып келедi. Бiрiншi деңгейiнде ипотекалық несие беретiн банктер мен банкiлiк емес ұйымдар түрiндегi бастапқы кредиторлар, екiншiсi осы кредиторлар берген ипотекалық несиелер бойынша талап құқықтары мен кепiлдiк құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйым. Елiмiздiң мұндай ұйым Ұлттық Банк 2001жылы ақпан айында құрған  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ. Осы Компания қазақстандық азаматы үшiн өте тартымды, себебi:

  • Пайыздық ставкасы жылына жоғары емес – 16,6%;
  • Несие теңгеде берiледi;
  • Ұзақ мерзiмдi (15 жылға дейiн);
  • Несиенi аннуитеттi төлеммен өтеу;
  • Тұрғын үй заемщиктiң таңдауы бойынша алынады;

Компания көптеген тұрғын проблемаларды шешуге мүмкiндiк бередi. Компанияның банктiк-партнерлер мыналар:

  • ААҚ «Альянс банк»
  • ААҚ «Астана-Финанс»
  • ААҚ«АТФ банк»
  • ААҚ «БанкЦентрКредит»
  • ААҚ «БТА-Ипотека»
  • ААҚ«Нурбанк»

Қазақстандық модельдiң негiзiн қалау кезiнде АҚШ-тың Fannie Mae және Малайзияның  Cagamas Berhad сияқты белгiлi компаниялардың тәжiрибесi ескерiлген. Қазiргi кезде тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесi Словакияда, Чехияда, Венгрияда, Польшада, Францияда, Люксембургта және тағы басқа елдерде  жақсы жүргiзiлiп келедi. Қазақстанда алғашқы қадамын жасай бастаған тұрғын үй құрылысы жүйесiнде алынатын займдар бойынша сыйақы ставкасы жылына 5,5-6 пайызды құрайды. Тұрғын үй құрылыс банкiне азаматтардың салатын салымына түсетiн проценттiк ставкасы жылына 2,5-3 пайыз болып отыр. Соңғы жылдарда ипотекалық несие жүйесi 3 этаптан өттi:

  • Банктердiң берген несиелер;
  • Ипотекалық компаниялардың берiлген несиелерi бойынша талап ету құқығын сатып алу;
  • Ипотекалық облигациялардың шығарылуы;

2003 жылы қарашада Қазақстан Ипотекалық Компаниясының  қоры құрылды. Бұл қордың негiзгi мiндетi – ипотекалық несиелер бойынша мерзiмнiң өсуi, олардың процент ставкаларының төмендеуi, несие мөлшерiнiң көбеюi болып табылады. Қордың алғашқы қатысушылары: «Альянс банк» АҚ, «БТА Ипотека» АҚ және  «Казкоммерцбанк» АҚ болып табылады.

Соңғы жылдарда ипотекалық несиенiң көлемi тез өсiп келедi.

Валюта түрi бойынша ипотекалық несиенiң құрылымы өте маңызды. Ұлттық валютада несиенi алу халықтың өз валютасына сенiмдiлiгiн куәландырады. Әр аудан бойынша ипотекалық несиенiң құрылымын 4-шi кестеден көре аламыз.

Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынандай мәлiметтер болуға тиiс:

  • Сауда-саттықты өткiзудiң негiзi;
  • Оны өткiзудiң орны мен уақыты;
  • Сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;
  • Кепiл берушi – мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi және мекен жайы;
  • Сатып алушының аты-жөнi және мекен жайы;
  • Сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;
  • Сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi және мекен жайы;

Ипотекалық несие алу үшiн мынадай қажеттi құжаттар тапсыру қажет:

Ипотекалық компаниядан несие алу процедурасы бiрнеше бөлiмнен тұрады:

  • Үй иесiнiң сатып алу туралы келiсiм шарты;
  • Пәтердiң жоспары;
  • Техникалық жоспар;
  • Жерге жеке меншiк құқығы туралы акт;
  • Пәтерде тiркелген азаматтардың жеке құжаттары;
  • Үй иесiнiң жеке төлқұжаты;
  • Өз құжаттарыныз;
  • Еңбек кiтапшасы немесе жұмысқа алу келiсiм шарт;
  • Табысыңыз туралы анықтама;
  • Қарыз алушыны алдын-ала мамандандыру кезеңi;
  • Қарыз алушының несие қабiлеттiгiн бағалау;
  • Ипотека объектiсi ретiнде тұрғын үйдi бағалау;
  • Келiсiм шартты жасау кезеңi:
    • Үйдi сатушымен есеп айырысуды жүргiзу кезеңi.
    • Сатып алған үйдi сақтандыру кезеңi;
    • Ипотека келiсiм-шартын жасау;

Компания шеңберiнде ипотекалық несиелеудiң негiзгi бағыты ұлттық валютада – теңгеде – несие беру.

Ұзақ мерзiмдi ипотекалық несие берудiң мақсаты азаматтардың жеке қаражаттары мен ұзақ мерзiмдi ипотекалық несиенiң есебiн монополияланудан тәуелсiз тұрғын үй нарығынан тұрғын үй сатып алудың нарықтық қағидаттарына негiзделген орташа кiрiсi бар азаматтарды шамасы жетерлiк баға бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру болып табылады. Бұл жүйенi құру:

  • Тұрғын үй саласына халықтың жинағы және бюджеттен тысбасқа түрлердегi қажеттi қаржы ресурстарын тартуға;
  • Тұрғын үй нарығын жандандыруға мүмкiндiк туғызады.

Малайзияның ипотекалық несие беру жүйесi өзiнiң дамуына «Кагамас» ұлттық ипотекалық корпорациясын құру арқылы қол жеткiздi, оның құрамына Малайзия банкi (20%), қаржы компаниялары (19,5%), коммерциялық банктер (60.5%)кiрдi. Малайзияның ипотекалық несие беру жүйесiнде дамыту моделi неғұрлым ынғайлы болып табылады.

Бүгiнгi таңда ипотекалық несие берудi қаражат қорларын көбiрек тартып,  жылжымайтын мүлiк нарығындағы операцияларды тиiмдi жүргiзудi қамтитын көп бейiмдi тетiк әр тұтастай бiр жүйе десе болады. Бұл үрдiс, қарыз берушiмен қарыз алушыдан басқа, құрылыс салу және сақтандыру компанияларын, риэлторлық кеңселердi, инвесторларды қамтиды. Ипотекалық несиенiң арқасында нарық субъектiлерi қосымша инвестициялық серпiлiс алады, сұраныс өсе бастағандықтан құрылыс компаниялары тұрғын үй құрылысын өрiстете түседi. Меншiк құқықтарын, сонын iшiнде жылжымайтын мүлiкке берiлген меншiк құқығын қорғауға «қабiлеттi» заңдардың болуы, ипотекалық несиенiң дамуына қажеттi құқықтық ортаның қалыптасуы айрықша маңызды.

Менiң ойымша, қазiргi уақытта мүлiктi барлық адамдар ала алмайды, көбiнесе байлар ғана ала алады. Сондықтан табысы орташа адамдарға мемлекет тарапынан көмектесу керек.

Коммерциялық «Альянс банк» ипотекалық несиелердi кепiлдендiру жүйесiнiң алғашқы қатысушы болды. Бұл – 2007 жылға дейiнгi тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын меңзейтiндiктен де аса маңызды болмақ. Ипотекалық несие немесе ипотека – бұл Қазақстанның кез келген азаматы үшiн сатып алынатын пәтердi кепiлге қойып, тұрғын үйдi сатып алуға несие алудың бiрден-бiр мүмкiндiгi. Бүгiнгi таңда бiздiң азаматтарымызда Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепiлдiк беру қорымен шешуге мүмкiндiгi пайда болды, әрi ол банктердiң несиелiк тәуекелдерiн бөлу арқылы берiлетiн ипотекалық несиелер бойынша шарттарды жеңiлдетедi.

Қорытынды

«Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi» атты курстық жұмысым қорытындыласам қаржы-несие мекемелерi нарық экономикасындағы несие жүйксiне қажеттi маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсiз экономиканың әр түрлi салаларында және тұрғындарға көрсетiлетiн несие жүйесiнiң қызметтерi толық болмас едi. Мұндай мекемелер екi жақты бағыныштылықта болады: бiр жағынан, олар несиелiк және есеп айыру қызметтерiн жүзеге асырумен байланысты болғандықтан да Орталық банктiң соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екiншi жағынан, қандай да бiр қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиiстi ведомствалардың реттеу әрекеттерiне ұшырайды.

1-сұрақта қаржы-несие мекемелерiнiң түрлерiне, теориялық сипаттамасына, олардың функцияларына тоқталдым. Қаржы-несие мекемелерiнiң ломбард, несиелiк серiктестiгiне, инвестициялық компанияға, сақтандыру компанияға, ипотекалық компанияға, жинақтаушы зейнетақы қорына тоқталдым. Олардың анықтамаларын бердiм және нарықтық экономикадағы ролiн аштым.

2-сұрақта Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң – сақтандыру және ипотекалық компаниялар жайлы мәлiметтер сипатталады. Қазақстанда қанша сақтандыру және ипотекалық комапниялардың саны, сапасы,  кемшiлiктерi мен артықшылықтарына. Олардағы жаңалықтар, олардың Қазақстандық азаматы үшiн қажеттiлiгi туралы жаздым.

Қолданылған әдебиеттер: 

  • Сейiтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Экономика, Алматы- 2001
  • Сейткасимов Г.С. «Банковское дело», «Қаржы-қаражат», Алматы- 1998
  • К. Жуйриков, И. Назарчук, Р.Жуйриков «Страхование: теория,практика, зарубежный опыт», ОФ «Бис», Алматы - 2000
  • Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», «Қазақ университетi», Алматы - 2000
  • Мақыш С.Б.«Ақша, несие, банктер: практикум», «Қазақ университетi», Алматы - 2004
  • Мақыш С.Б.«Коммерциялық банктер операциялары», ИздатМаркет, Алматы – 2004
  • Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Экономика, Алматы– 2000
  • «Финансы и кредит» журналы, 2004-2006 аралығындағыбарлық номерлерiн
  • «Банки Казахстана» журналы, 2004-2006 аралығындағыбарлық номерлерiн
  • «РЦБК» журналы, 2004-2006 аралығындағыбарлық номерлерiн
  • «Қаржы-қаражат» журналы, 2004-2006 аралығындағы барлық номерлерiн
  • «Вестник КазГУ» журналы, 2004-2006 аралығындағыбарлық номерлерiн

Похожие материалы