Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаласында инвестиция көлемі артты

Астана қаласында инвестиция көлемі артты

Астана қаласында инвестиция көлемі 19,7 пайызға артты. Бұл жөнінде елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана қаласының статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың алғашқы 4 айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 142224,4 млн теңгені құраған. Бұл 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда, 19,7 пайызға артық. Астананың республикадағы үлесі - 10 пайыз. Инвестицияның негізгі көп бөлігі жеке меншік кәсіпорындармен игерілген. Олар ортақ көлемнің 71 пайызын құрайды. Ақпарат көзінің деректері бойынша, мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру - 36,2 пайызды, кәсіпорындар мен мекемелердің жеке қаражаты - 46 пайызды, банк несиелері - 4,7 пайызды және өзге де қарыздар - 13,1 пайызды құрап отыр. «Елордада ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта Астана Қазақстанның жаңа қаржы орталығына айналады. Осы жерде елдің қаржылық ағындары шоғырланатын болады. Асана отандық және шетелдік инвесторларды тартатын болады», - делінген хабарламада.  

Похожие материалы