Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қоқыс өртейтін үш зауыт салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қазіргі таңда елдегі қоқыс полигондарына жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қалдық жиналады, оның тек 25%-ы ғана қайта өңделеді. «Жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 40%-ға жеткізу көзделген.
Министрлік өкілінің айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін үш ірі шетелдік компаниямен инвестициялық келісімдерге қол қойылған. Жаңа зауыттар қалдықтарды өңдеумен қатар экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.





