Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АХҚО Astana Finance Days 2025 аясында «Сенім музейін» таныстырады

АХҚО Astana Finance Days 2025 аясында «Сенім музейін» таныстырады
2025 жылғы 4 қыркүйекте Astana Finance Days 2025 форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы бірегей бастама – «Сенім музейін» таныстырды.

Бұл жаңа жоба қаржы орталығының атынан Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасу тарихын Ұлы Жібек жолы кезеңіндегі көне дәуірден бастап, заманауи биржалар мен қаржылық экожүйелердің қазіргі сәтіне дейін баяндайды.

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, «Сенім музейі» барлық қаржы индустриясының негізінде сенім жатқанын көрсетуге бағытталған. «Валюта, бағалы қағаздар, шарттар мен инвестициялар – мұның барлығы адамдар, институттар және мемлекеттер арасындағы сенімге сүйенеді. Ал АХҚО бұл үдерісте тек қаржылық институт ретінде ғана емес, келісімдер мен кепілдіктердің мәдени әрі зияткерлік дәстүрін жалғастыратын платформа ретінде қызмет атқарады», дейді ол. 
Музей экспозициясы физикалық және визуалды экспонаттардан тұрады: артефактілер мен құжаттар Қазақстан аумағындағы қаржы жүйесінің даму барысын сезінуге мүмкіндік берсе, мұрағаттық фото және бейнематериалдар, ақпараттық стендтер мен интерактивті инсталляциялар бұл үдерісті жан-жақты баяндайды.


Музей бірнеше залға бөлінген, әр зал тарихтың жеке бір кезеңін ашады. Барлық зал шамамен 40 артефакт пен екі заманауи арт-нысанды қамтиды.

«Заманауи музей құрудағы негізгі үрдіс – тарихи пайым мен шынайылықты көркем тұрғыда түсіндірумен ұштастыру. Біз бұл тұжырымды «Сенім музейінде» жүзеге асырғанымызға қуаныштымыз. Бұл жоба сенім табиғатын тарихи артефактілер мен арт-нысандар арқылы зерттеудің бастауына айналады деп сенеміз», дейді Арт-куратор, Art&Creative Solutions компаниясының директоры Оля Веселова.
Бірінші зал сенім туралы иммерсивті инсталляцияны ұсынса, екінші зал тас дәуірінен бастап Қазақ хандығы кезеңіне дейінгі қаржының дамуын баяндайды, үшінші зал XVIII ғасырдан бастап КСРО-ның құрылуына дейінгі кезеңді қамтыса, төртінші зал кеңестік дәуірді көрсетеді, бесінші зал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қаржы жүйесінің қалыптасуына арналған, ал алтыншы зал инвестиция тартудағы және елдегі қаржы саласын одан әрі дамытудағы АХҚО-ның үлесін ашады.

Корпоративтік музей қонақтарға капиталды тек экономикалық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар негізінде сенім жатқан құбылыс ретінде көрсететін кеңістік бейнесінде жасалды. Мұнда алғаш рет әмбебап айырбас өлшемі ретінде ақшаны пайдалануға уағдаласқан саудагерлердің заманынан жалғасып, әлемнің әр түкпірінде орналасса да, ашық әрі айқын келісімдерге сүйенетін контрагенттер арасына дейін жеткен сенім жатыр.

Анықтамалық ақпарат:
   
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Ұқсас материалдар