Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Astana Hub -тың үш тоқсандағы экспорттық кірісі 143 млрд теңгеге жетті

Astana Hub -тың үш тоқсандағы экспорттық кірісі 143 млрд теңгеге жетті

Astana Hub айтарлықтай өсім көрсетуде. Соңғы бес жылда 31 есе өсті. Осы жылдың үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты. 

«Ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін растауда. Осы жылдың үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсу төрт жылда 10 еседен асты. Осылайша, Astana Hub өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда», – деді министр.

Айта кету керек, технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 жергілікті және 437 шетелдік компаниялар бар. Оған қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады. 

Ұқсас материалдар