Апат салдары жойылып, қисық білеу қалыпқа келтірілді. Жол қызметінің мамандары жолды толықтай тазалады. Жол-көлік оқиға салдарынан 12 адам зардап шекті. Олар аудандық аурухаға орналастырылды. 15 адам Ақкөл қаласындағы жылыту пунктеріне жеткізілді.
Айта кетейік, 3 қаңтар күні 13:28-де Астана-Петропавл автожолының 153 шақырымында (Жаңаталап ауылының маңы) 95 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша оқиға жүргізушілердің тарапынан жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақталмауына байланысты болған. Ал әлеуметтік желіде тараған видеоларда жолдың тұманды, тайғақ болуына байланысты деп жатыр.
ҚазАвтоЖол Республикалық автожолдардағы ауа райы жағдайын тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан, Sapar мобильді қосымшасынан және www.qaj.kz сайтынан біліп отыруға шақырады.
Сондай-ақ, Kaztoll.kz сайтында 17 учаскеде орналасқан 74 бейне камералар арқылы жолдың жағдайын онлайн көруге болады.