Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада 16 адамды алдаған алаяқ төрт жылға сотталды

Астанада 16 адамды алдаған алаяқ төрт жылға сотталды

Астанада жеңілдетілген несие алып беремін деп 16 азаматты алдаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Тергеу деректеріне сай, ол өзін ұлттық компания қызметкері ретінде таныстырып, несие рәсімдеуге көмектесемін деп уәде берген. Қызметінің «құны» ретінде әр азаматтан шамамен 100 мың теңге алған.

Бір айдың ішінде жәбірленушілер алаяққа ақша аударып отырған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4 млн теңгеден асты.

Сот кінәліні толықтай айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытып, ресми ақпарат көздерінен мәліметтің дұрыстығын тексеріп отыруға шақырады.

Ұқсас материалдар