
Астана қаласында LRT желісінің құрылысы барысында жолдың жоғарғы құрылысын салу жұмыстарының 25% аяқталды.
Екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 км-нің 5,6 км төселді. CTS мәліметінше, нысанға арнайы техника жеткізілді: маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар.
Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары – шуды 5-10 дБ-ге дейін азайту, жоғары тозуға төзімділік және әртүрлі жағдайларға бейімделгіштігі.
«Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін зерделеуге мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.