Астанада болашақта салынуы мүмкін екінші әуежайдың орны анықталды.
Қала мәслихатының депутаттары елорданың бас жоспарына енгізілген өзгерістерді бекітіп, жаңа әуежай құрылысына арналған Астана-Көкшетау тасжолы бойында орналасуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, бұл аумақ ұшақтардың ұшу-қону қауіпсіздігіне қолайлы және көлік қатынасы тұрғысынан тиімді саналады. Жаңа нысанның қажеттілігі елордадағы жолаушылар ағыны мен туристер санының болашақта артуымен байланыстырылады.
Жобаға ұсынылған жер телімі Астана қаласының шекарасынан шамамен 48 шақырым, ал Нұрлы жол вокзалы аумағынан 73 шақырым қашықтықта орналасқан. Алдын ала есептеулер бойынша, жол жүру және күту уақытын қоса алғанда, әуежайға жетуге орта есеппен 2-2,5 сағат кетуі мүмкін.
Құжатта екінші әуежай салу туралы түпкілікті шешім өңірлік экономиканың дамуы, демографиялық өсім және көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме сияқты факторлар ескеріле отырып қабылданатыны айтылған. Қазіргі кезеңде басты мақсат – болашақ жоба үшін қажетті аумақты ұзақ мерзімге резервтеу.
Мәслихат отырысының қорытындысында депутаттар Астананың бас жоспарына енгізілген өзгерістерді қолдап дауыс берді. Осылайша, елордада екінші әуежай салу жобасын іске асыруға арналған алғашқы жоспарлау кезеңі басталды.





