Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Атыраудан Бакуге дейін: Air Astana​ жаңа рейс ашты

Атыраудан Бакуге дейін: Air Astana​ жаңа рейс ашты

2025 жылғы 31 мамырдан бастап Air Astana Атырау-Баку бағыты бойынша тікелей рейстерді жүзеге асыра бастады.

Рейстер A320 және А321 әуе кемелерімен аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшақ кешкі уақытта қатынайды және жол жүру уақыты шамамен бір жарым сағатты құрайды. Қазақстан азаматтары үшін Әзірбайжанға виза талап етілмейді.

Әзербайжан және Германия елдеріне әуе қатынасының ашылуы бұл мемлекеттермен сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал етпек.

Бұдан басқа, Air Astana 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыдан Франкфуртке тікелей ұшу рейстерін жүзеге асыра бастады. Рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR авиалайнерлерінде орындалады. Жол жүру уақыты 8 сағат 25 минут.

Ұқсас материалдар