
Ол өткен жылы TikTok-та аккаунт ашып, әлеуметтік желіде «Батыстың әжесі» деген атпен танылды.
Тікелей эфирде Хадиша әже басқа адамдармен сөйлесіп, құрдастарымен көңілді уақыт өткізеді. Сондай-ақ, жастарға ақыл-кеңестерімен де бөлісіп отырады.
«Оқи алмадым. ҚазҰУ-ге бардым, түсе алмадым. Өмірім көше тазалаумен, еден жуумен өтті. TikTok-қа кіргеніме төртінші қараша күні бір жыл толады. Ермек үшін кірдім, енді көріп отырсыздар, TikTok-ты шайқап жатырмын», – деді Хадиша әже.
Өз жазылушыларының қолдауы мен донаттары арқасында кейуана он миллион теңге табыс тапты.