Жаңалықтар
Аудиттен кейін «QazExpoCongress»-тің қаржылық есебін бақылау тиімді болды

Олар ұлттық компания қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында QazExpoCongress-те активтерді есепке алу нетто-негізде (субсидияларды қоспай) жүзеге асырылатыны анықталды. Бұл мемлекеттік субсидиялардың қозғалысы мен оны пайдаланудың тиімділігін бақылауға мүмкіндік бермейді. Осындай қаражат есебінен сатып алынған негізгі құралдар ұлттық компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілмеген.
Жағдайды түзету үшін «QazExpoCongress» ҰК» АҚ директорлар кеңесіне корпоративтік есеп саясатын қайта қарау тапсырылды.
Нәтижесінде, биыл 28 қаңтарда субсидиялар есебін брутто-негізге аударатын өзгерістер бекітілді. Бұл ұлттық компанияның қаржылық жағдайын дәлірек көрсетуге, мемлекет қаражатының пайдаланылуын тиімдірек бақылауға және ұлттық компанияның шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.