Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылындағы А.Түркебаев атындағы мектеп лицейінде «Білім беру сапасын арттырудағы инновациялық қызметтің тиімділігі» тақырыбына арналған ашық есік күні өтті.
Кеген ауданы бойынша әдістемелік орталығы мен мектеп-лицей ұйымдастырған ашық есік күнінің мақсаты: Инновациялық технологиялар арқылы білім беру ұйымдарында кәсіби шеберлікпен жұмыс жасайтын мектеп басшылары мен педагогтерінің тәжірибелерін тарату.
Іс-шараға Алматы облысы әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Жалғасбекқызы, орталықтардың бөлім басшылары, мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар мен педагогтар қатысты.
Ашық есік күн барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратжан Қожанұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудандағы білім беру ұйымдарындағы жеткен жетістіктерімен бөлісті. Аудан педагогтарының шығармашылық идеялар көрмесі, ашық сабақтар алаңы, инновациялық жобалар көрсетілді. Сонымен қатар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, профессор Нұрша Оразахыновамен онлайн сұхбат өткізілді. Ашық есік күнін облыстық әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Жалғасбекқызы қорытындылап, іс шараға белсенді қатысқан педагогтарды марапаттады.