Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

AZAL ұшағы апатын тергеу бойынша есеп биыл желтоқсанда дайын болады

AZAL ұшағы апатын тергеу бойынша есеп биыл желтоқсанда дайын болады

Ақтаудағы ұшақ апатының себебі әлі де нақтыланған жоқ. Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, апаттың нақты себебі желтоқсан айында белгілі болады.

Бұл туралы вице-министр үкімет сағатынан кейін өткен брифингте айтты.

«Министрлікосыған дейін апаттың алдын-ала есебін жариялаған болатын. Онда апаттың нақты себептері аталмаған. Өйткені ИКАО талаптарына сәйкес, тергеп-тексеруге 1 жыл уақыт керек. Апаттың нақты себебі бір жылдан кейін, яғни осы жылдың желтоқсанында бірақ дайын болады. Әзірге тексеріс барысы туралы ештеңе айта алмаймын», – деді министрлік өкілі.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Azerbaijan Airlines  әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап, 38 адам қаза тапты. 29 адам жарақатпен Ақтау қаласындағы ауруханаларға жеткізілді.

Апатқа зымыран тиген деген болжам айтылады. 4 ақпанда Көлік министрлігі комиссияның алдын-ала есебін жариялады. Онда ұшақ жабдықтарынан бөгде металл сынықтары анықталғаны жазылған.

Ұқсас материалдар