Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Azerbaijan Airlines Астраханға рейстерін уақытша тоқтатты

Azerbaijan Airlines Астраханға рейстерін уақытша тоқтатты

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 3 ақпанда Баку – Астрахан – Баку бағытындағы жолаушы рейсін қауіпсіздік мақсатында белгісіз мерзімге тоқтата тұратынын хабарлады.

Астрахан облысының басшысы 3 ақпанға қараған түні Украина дрондары өңірге шабуыл жасады деп мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, дрондар отын-энергетика кешенін, атап айтқанда, газ өңдеу зауытын нысанаға алған болуы мүмкін.

"Кейінгі уақытта, соның ішінде бүгінгі күнді қоса алғанда, Астрахандағы (Ресей) әуе кеңістігі қайта-қайта жабылғанына байланысты Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы қауіпсіздік мақсатында Баку – Астрахан – Баку бағытындағы барлық рейсті белгісіз мерзімге тоқтата тұрады», – деді Әзербайжанның әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

BBC агенттігінің жазуынша, 3 ақпанға қараған түні Ресейдегі тоғыз әуежай жұмысын уақытша тоқтатқан: Волгоград, Астрахан, Қазан, Нижнекамск, Саратов, Ульяновск, Владикавказ, Грозный және Махачқала.

Еске сала кетейік, Әзербайжанның Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерге құлап, апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы тірі қалды.

Ұқсас материалдар