Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы Анатолий Балушкинге сот үкімі шықты

«Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы Анатолий Балушкинге сот үкімі шықты

 Өскеменде «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот үкімі сырттай шығарылды.

Сот Анатолий Балушкинді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Компанияның тағы бір бұрынғы жетекшісі Ерік Сағымбаевқа ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») және 245-бабы 3-бөлігі («Салық төлеуден жалтару, ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе аса ірі көлемде») бойынша айып тағылып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот үкімі сырттай шығарылды, себебі «Азия Авто» компаниясының бұрынғы жетекшілері – қазіргі Ресей азаматтары – халықаралық іздеуде.

 

Еске салайық, 17 наурызда Өскеменде олигарх Балушкиннің қол астында істеген алты адамға үкім шыққан болатын. 

2021 жылдың қазан айында аталған компанияның 8 қызметкері қамауға алынған еді. Тергеу барысында, күдіктілердің туыстары олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар табылған жоқ деп мәлім еткен. Сол кезде компанияның топ-менеджерлері Өскеменге кеңеске шақырылған, бірақ қайтып оралмай, сол күні қамауға алынған. Дәл осы уақытта «Азия Авто Қазақстан» компаниясының басшысы Антон Ненахов өлі күйінде табылғаны хабарланды. Бұл оқиға бойынша «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. 

Ұқсас материалдар