Ұлттық банктің мәліметінше, қазан айында инфляция Қазақстанның 8 өңірінде жеделдеген.
Қазан айында елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,5%-ды құрады. Бұл қыркүйекте 8,3% болған. Жылдық инфляцияның 10 өңірде баяулағаны, 8 өңірде жеделдеп, екеуінде өзгеріссіз қалғаны байқалды.
Жылдық инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.
Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға дейін төмендеген, яғни, қыркүйекте – 5,1% болған еді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (7,4%) айтарлықтай жоғары, ал Түркістан облысында (2,7%) мейілінше төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,8%-ға артты. Ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі Жетісу облысында (5,0%) тіркелді.
Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,3%-ға дейін артты. (қыркүйекте – 13,6%). Сонымен қатар, Павлодар облысында баға (18,1%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (8,3%) айтарлықтай төмендеді.
Қазанда ел бойынша айлық инфляция 0,9% болды. Бұл бұрынғы орташа дейгейден жоғары.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024