Жаңалықтар
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар биржасы арқылы 23 000 тонна астық сатты
Алғашқы биржалық сауда-саттық шеңберінде EXW (франко-элеватор) жеткізу шарттарымен 3-сыныпты 23 мың тонна бидай сатылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша сату бағалары:
3-сыныпты бидай (желімтек 23-24%) – ҚҚС-мен 85 000 теңге/тонна;
3-сыныпты бидай (желімтек 25-26%) – ҚҚС-мен 88 000 теңге/тонна;
3-сыныпты бидай (желімтек 27+%, Hi-pro) – ҚҚС-мен 130 000 теңге/тонна.
Ұлттық астық операторы тауар биржасында белсенді жұмысын жалғастыруда және барлық мүдделі тараптарды сауда-саттыққа қатысуға шақырады.
Тауар биржасы астықты сатуға ыңғайлы платформаны ұсынады, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін ашықтық пен бәсекеге қабілетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Биржадағы сауда сессиясы жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. «Азық-түлік келісімшарткорпорациясы» ҰК» АҚ сатып алушылар мен серіктестерді астықты ресми сауда алаңы арқылы сатып алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025





