БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик кезекті брифингте ұйым Украина мен Ресейді қақтығысты деэскалациялауға шақыратынын айтты, деп хабарлайды CNN.
БҰҰ өкілі Ресейдің орта қашықтықтағы «Орешник» атты жаңа баллистикалық зымыранын ұшыруын «тағы бір үрей тудырып, арандататын оқиға» деп атады.
"Жағдай теріс бағытта өрбіп барады. Біз барлық тараптың жағдайды деэскалациялау үшін шұғыл шаралар қабылдағанын қалаймыз. Біз бұл қақтығыстың Бас Ассамблея қарарларына, халықаралық құқыққа және аумақтық тұтастыққа сәйкес аяқталғанын қалаймыз", – деді Дюжаррик.