Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин байларға қандай жағдайда салық салынатынын айтты.
Ақорданың кулуарында журналистер Жұманғариннің «сән-салтанат салығын көтеріле ме?» деп сұрады.
«Ең алдымен «люкс» ұғымын дұрыс анықтап алуымыз керек. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе? Мәселен, егер сіздің иелігіңіздегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, демек салық төлейсіз. Қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион теңге, әрі қарай осы сомадан асқан сомаға 2 пайыз қосымша төленеді. Сол сияқты, егер көлік құны 75 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қымбат алкоголь, қымбат шылымдар – осыларға да салық салынады, – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер журналистердің “Неге ортақ салық ретінде енгізбей, жекелей бөліп қарастырдыңыздар?” деген сұрағына да жауап берді.
Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда «кінәлі» немесе «кінәсіз» деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін, – деді Серік Мақашұлы.
Байларға салық көтеріле ме? – Жұманғариннің жауабы
Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин байларға қандай жағдайда салық салынатынын айтты.
Ақорданың кулуарында журналистер Жұманғариннің «сән-салтанат салығын көтеріле ме?» деп сұрады.
«Ең алдымен «люкс» ұғымын дұрыс анықтап алуымыз керек. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе? Мәселен, егер сіздің иелігіңіздегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, демек салық төлейсіз. Қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион теңге, әрі қарай осы сомадан асқан сомаға 2 пайыз қосымша төленеді. Сол сияқты, егер көлік құны 75 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қымбат алкоголь, қымбат шылымдар – осыларға да салық салынады, – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер журналистердің “неге ортақ салық ретінде енгізбей, жекелей бөліп қарастырдыңыздар” деген сұрағына да жауап берді.