Жаңалықтар
Бақыт Жүнісов «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры болды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Жүнісов Бақыт Советұлы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне бас директор болып тағайындалды.
Бақыт Советұлы 1986 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Ол Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін 2008 жылы Халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман шаруашылық ісі» мамандығы бойынша тәмамдады.
Бақыт Жүнісов еңбек жолы 2008 жылы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік инспектор қызметімен басталды. Кейін Рекриация Инженері, Есік Орманшылығының Басшысының көмекшісі, Түрген Орманшылығының басшысы, ОҚМЛО Инженері, Түрген Филиалы директорының орынбасары, Талғар Филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2019 жылдары ЖШС «Интеграция-Түрген» Инженер қызметін;
«Іле-Алатау МҰТП РММ»-де
2019-2020 жылдары ОҚМЛО Түрген филиалы. Инженер қызметін,
2020-2022 жылдары Түрген филиалы. Орманшылық басшысы қызметін;
2022-2023 жылдары КММ «Алматы облысы жануарлардың дүниесін қорғау» қызметінің маманы;
2023-2025 жылдары РММ «Іле-Алатау» МҰТП Түрген Филиалының Директорының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің директоры қызметін атқарған Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлы басқа жұмыс орнына ауысты. Елнұр Мұхамеджанұлына ұлттық паркке сіңірген еңбегі үшін алғысымызды білдіре отырып, алдағы қызметіне сәттілік тілейміз.