Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылды

Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылды
Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі – Цифрлық транзакциялар жөніндегі жетекші Бинұр Жаленов банктер арасындағы бірыңғай мобильді аударым жүйесі қашан жұмыс істей бастайтынын айтты.

«Жүйе былтыр әзірленіп, қанатқақты режимде іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда банктер кезең-кезеңмен осы жүйеге қосылып жатыр. Ұлттық төлем корпорациясы 9 банкпен келісімшарт бекітті. Ол тоғыз банк – Халық банк, Банк Центр кредит, Freedom bank, РБК, Алтын банк, Береке банк, Forte bank, HomeCredit bank және Nurbank.

Келісімшарттың бекітілуі – осы банктер жүйеге қосылу бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр деген сөз.

Маусым айында клиенттер алғашқы бес банктің арасында телефон нөмірі бойынша аударым жасай бастайды деп күтіп отырмыз. Тізімдегі бес банк – Халық банк, Freedom, RBK, Алтын банк және Home Credit. Кейін өзгелері де қосылады, – деді Бинұр Жаленов Ұлттық банкте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол банктер арасындағы QR-төлемдер құралы қолданысқа дайын екенін мәлім етті.

«Freedom bank пен RBK жұмысты аяқтады. Оның сыртында тағы 4 екінші деңгейлі банкпен белсенді жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін бірнеше банк осы құралды іске қосады деп күтіп отырмыз», – деді Ұлттық банк басшысының кеңесшісі.

Ұқсас материалдар