СОР 21 саммитінде Билл Гейтс осындай үндеу тастады. Бұл бірінші кезекте "Планета мен адамзат болашағын қорғау қажет" деген саммит тақырыбына қатысты. Осы үндеуге қосылған миллиардер қоғам, адамзат игілігі үшін қаржылық шығындарға ұшырайтыны рас. Мұны филантропия деп атауға болады.
Билл Гейтспен қатар Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг жұбайымен бірге өдеріне тиесілі акциялардың 99 пайызын қайырымдылық қорына жұмсайтындығын да хабарлады. Бүгінгі 45 млрд доллар ертең бұдан да үлкен сомаға өсе түспек. Өз ісін информатика арқылы құрған әлемдегі ең жас миллиардердің әрекеті филантропия тарихында жаңа парақ ашады. Егер осыған дейін дәулеттілер меценаттық туралы қартайған шағында немесе ажал алдында ғана сөз етсе, қазір филантропияның жаңа түрі пайда болды. Миллиардер барынша жасарып келеді. Бұл адамгершіліктің ең маңызды факторы.
Әлем бойынша филантропия АҚШ-та жақсы дамыған. 2014 жылы тек осы елдің миллиардерлері қайырымдылық қорына 358 млрд доллардан астам қаржы жұмсады. Бұл Қазақстанның ЖІӨ-не қарағанда әлдеқайда көп.
Ең ірі донорлар ретінде Уоррен Баффет (2006 жылдан бері қайырымдылыққа 2 млрд доллар жұмсайды), Билл Гейтс (донорлықтың ең тиімді моделін құрды), Тед Тернер (CNN-нің негізін қалаушы "Біреуі барлығы үшін және барлығы біреу үшін" деген принципті пайдаланады) аталады. Енді осы филантроптар қатарына жас миллиардер Марк Цукерберг те қосылды. Алдағы уақытта бұл тізім осындай американдықтар арқылы толығып отырады.
Филантропия феномені ұлы тұлғалардың жоғары рухани байлығынан хабардар етеді. Олар бай болып өлуді мақсат тұтпайды. Жеке капиталынан миллиондаған ақшаны қоғам игілігі үшін жұмсайтын Уоррен Баффет әлі уақытқа дейін қарапайым үйде тұрады. "Өлгеннен кейін қарғыс естігеннен гөрі, тірі тұрғаныңда қоғамға жақсылық жасаған артық" дейді ол.
Соңғы 20 жылда Форбс тізімін ТМД шыққан тұлғалар да толықтырды. Бірақ бұл жердегі байлық тарихы өзгешелеу. Өз уақытысында қажетті адамдармен танысып, қажетті жерде пайда болған белгісіз адамдар сәттілікке ие болды. Халықтың байлығы да олардың жекеменшігіне өтті. Бірақ, әзірге, ол қоғамда қайырымдылық қатысты оң бағыт байқалмайды. Демеушілік түсінігі жақын туыстар шеңберінен асқан емес. Ол тұлғалар қандай жағдай болмасын, билікке жақындығын сақтап қалуға тырысады. Қолынан келмегендер қашады. Бұл ортада филантропиямен айналысуға деген ниет байқалған емес.
Әзірге, бізге америкалықтарға қызыға қарап, өзіміздің филантроптардың қашан пайда болатынын күткен ғана қалады. Форбс журналына "Филантропия" деген бөлім ашып, қайырымдылық акцияларының тізімін жариялап отыру қажет. АҚШ пен Батыс елдеріндегі халық миллиардердің игі істеріне алғыстарын білдіріп, сыйлайды. ТМД олиграхтары да қаласа осындай мүмкіндікке ие бола алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024