Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бас прокуратура Нығматулинге іздеу жариялады

Бас прокуратура Нығматулинге іздеу жариялады

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны туралы хабарлама құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ресми сайтында жарияланды.

Арғын Нығматулинге бүгін іздеу салынды. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында шықты.

Аталған порталдың «Қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде 1955 жылы туған Арғын Зайруллаұлы Нығматулиннің іздестіріліп жатқаны көрсетілген.

Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 2025 жылғы 3 наурызда ашылып, Астана қаласында тіркелген. Іздеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр, ал бастамашы орган – прокуратура.

«Туған күні: 28.06.1955, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 «Астана өңірде тіркелді. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», – делінген сайтта.

Арғын Нығматулин қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының негізін қалаушылардың бірі ретінде аталады. 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін ол клубтың кеңесшісі болып қалды.

 

Ұқсас материалдар