Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бас прокуратура «СК-Фармация» үстінен қылмыстық тексеру бастады

Бас прокуратура «СК-Фармация» үстінен қылмыстық тексеру бастады

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі Жоғары аудиторлық палата жасаған аудит қорытындысы негізінде «СК-Фармация» үстінен қылмыстық тергеп-тексеру бастағанын мәлімдеді. 

– ЖАП аудитінің қорытындысы негізінде біздің өтінішіміз бойынша Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп «СК-Фармация» бойынша қылмыстық тергеп-тексеруді бастады.

Мұрат Әбеновпен бірге Жоғары аудиторлық палата анықтаған деректер бойынша Бас прокуратураға жолдаған өтінішімізден кейін, прокурорлар құқық қорғау органдарымен бірлесіп «СК-Фармация» ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық фактілері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруге кірісті, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айтуынша тергеу орбитасы мына фактілерді қамтымақ:

– «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген;

– «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекетке 35,8 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген;

– «КазМедПром» ЖШС медициналық қолғаптарды «СК-Фармация» ЖШС-не қымбат бағамен жеткізу арқылы 5,3 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған;

«Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алуы барысында 35,8 млрд теңге залал келтіруі, сондай-ақ «КазМедПром» ЖШС-нің қолғаптарды қымбат бағамен сатуы деректері Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Қаржылық мониторинг агенттігіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.

Сонымен қатар, жалған клиникалық зерттеулер өткізу және алынбаған жабдық үшін қаражатты негізсіз игеру бойынша (жалпы сомасы 200 млн теңгеден аса) Қоғамның қызметіне тексеру тағайындау туралы тапсырма Алматы қаласының прокуратурасына жолданды.

Бұдан бөлек, Бас прокуратура «СК-Фармация» ЖШС мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметін тексеру бастамасын көтерді», дейді депутат.

Ұқсас материалдар