Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Мәскеуде және Ресейден баспана алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
– Асад отбасымен Мәскеуге келді. Ресей оларға баспана берді, – деп жазды ТАСС агенттігі Кремльдегі дереккөзге сүйеніп.
Ал Сирияның қарулы оппозициясы ел астанасы Дамаскіні жаулап алғанын, ал президент Башар Асад елден қашқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Еуропалық Одақтың Сыртқы істер қызметі Сириядағы жағдай бойынша мәлімдеме таратқан еді. Қытай да Сириядағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және елде тұрақтылықтың мүмкіндігінше тезірек қалпына келуіне үміттенетінін жеткізді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Башар Асадтың билікті бейбіт жолмен тапсыратынын айтып, елден кеткенін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы бітімгерлердің қауіпсіздігі үшін қажетті шара қабылдап жатыр.