Beeline Таяу Шығыстағы клиенттерін тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етуде
2 наурыз 2026 ж., Астана қ. Beeline Таяу Шығыс елдері аумағындағы абоненттеріне өңірдегі қақтығыс жағдайының ушығуына байланысты тегін қызметтерді ұсынады.
Клиенттерді қолдау мақсатында 10 күн мерзімге 1 ГБ мобильді интернет және Қазақстанға, жергілікті нөмірлерге қоңырау шалу, сондай-ақ кіріс қоңырауларды қабылдау үшін 30 минут беріледі. Абоненттерге ақпарат SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.
Пакеттің қосылғанын «Janymda» мобильді қосымшасы арқылы немесе *114# командасын теру арқылы тексеруге болады.
Қолдау келесі елдердің аумағындағы клиенттерге таратылады: БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Оман, Ливан, Израиль, Ауғанстан және Пәкістан.
Beeline қақтығыс жағдайын мұқият қадағалап отыр және қажет болған орайда басқа өңірлердегі клиенттеріне де тегін байланыс қызметтерін ұсынуды жалғастырады.
Естеріңізге саламыз: қазіргі уақытта Таяу Шығыста қақтығыстың ушығуы байқалады. Қауіпсіздік шараларының күшеюі, әуе қатынасына шектеулердің енгізілуі және жекелеген инфрақұрылым нысандары жұмысының тоқтатылуы тіркелуде.
***
Beeline Қазақстан туралы
Beeline Қазақстан – 11,9 млн клиентке қызмет көрсететін және телеком-бизнес пен цифрлық платформаларды біріктіретін елдегі ірі цифрлық операторлардың бірі.
Компанияның негізгі өнімі – ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 4,7 млн адамды құрайтын (2025 жылдың III тоқсанындағы есептілік деректері бойынша) Janymda суперапп қосымшасы. Ол финтех-сервистер мен күнделікті цифрлық қызметтерді біріктіреді. Сондай-ақ цифрлық өнімдер портфеліне BeeTV онлайн-платформасы, hitter музыкалық сервисі, сонымен қатар ай сайын 3,8 млн белсенді пайдаланушысы бар Simply финтех-бағыты және серіктестік цифрлық платформалар кіреді.
Осы жылдың желтоқсан айында компания Қазақстанда Starlink ұсынған Direct to Cell технологиясын сәтті сынақтан өткізді. Қызметті коммерциялық негізде іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Қазақстанның корпоративтік коммуникациялар қызметі, PR@beeline.kz





