
Үкіметтің 2025 жылғы 28 сәуірдегі қаулысымен бензинге (авиациялық отыннан басқа), дизельдік отынға, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық таза отынға акциз ставкаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, бензинге (авиациялық бензиннен басқа), дизельдік отынға, газолға, бензанолға, нафтаға, жеңіл көмірсутектердің қоспасына және экологиялық таза отынға акциз ставкалары жаңа редакцияда белгіленген.
Атап айтқанда, бір тонна бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) акциз ставкалары:
- 38 134 теңге – өндірушілердің көтерме саудасы;
- 0 теңге – жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудасы;
- 38 634 теңге – өндірушілердің бөлшек саудасы;
- 500 теңге – жеке және заңды тұлғалардың бөлшек саудасы;
- 38 134 теңге – импорт.
- 0 теңге – акциз салығы төленген қоспалау жолымен өндірілген бензанол өндірушілерінің бензанолды және отандық биоэтанолды көтерме сатуы.
Дизель отынының тоннасына акциз ставкалары:
- 35 726 теңге – өндірушілердің көтерме саудасы;
- 0 теңге – жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудасы;
- 35 786 теңге – өндірушілердің бөлшек саудасы;
- 60 теңге – жеке және заңды тұлғалардың бөлшек саудасы;
- 35 726 теңге – импорт.
- 0 теңге – акциз салығы төленген қоспалау жолымен өндірілген бензанол өндірушілерінің бензанолды және отандық биоэтанолды көтерме сатуы.
Газол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы мен экологиялық отынның тоннасына акциз ставкалары:
- 38 134 теңге – өндірушілердің көтерме саудасы;
- 0 теңге – жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудасы;
- 38 634 теңге – өндірушілердің бөлшек саудасы;
- 500 теңге – жеке және заңды тұлғалардың бөлшек саудасы;
- 38 134 теңге – импорт.
- 3000 теңге – акциз салығы төленген қоспалау жолымен өндірілген бензанол өндірушілерінің бензанолды және отандық биоэтанолды көтерме сатуы.
Құжатта жоғарыда аталған акциздерді есептеу формулалары бар.
Қаулы 2025 жылдың 11 мамырында күшіне енеді.