Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Bereke Bank топ-менеджерлері 2024 жылы 424 млн теңге алды

Bereke Bank топ-менеджерлері 2024 жылы 424 млн теңге алды

2024 жылы Bereke Bank-тің топ-менеджерлері жалпы 424 млн теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл туралы деректер Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.

Банк мәліметінше, 2023 жылы басқарма мүшелеріне төленген сыйақы көлемі 1,4 млрд теңге болған. Мұндай жоғары сома алдыңғы жылдары есептелген, бірақ кейінге қалдырылған бонустардың 2023 жылы бұрынғы басқарма мүшелеріне төленуімен байланысты.

2024 жыл бойы банк басқармасында үш адам қызмет етті: төраға Андрей Тимченко, оның орынбасарлары Алина Аникина және Серке Қасенов. Егер сыйақы теңдей бөлінсе, әрқайсысына шамамен 141,3 млн теңгеден тиер еді.

Өткен жылы Bereke Bank-тің таза пайдасы 31%-ға азайып, 20 млрд теңгені құрады.

 2024 жылы Bereke Bank басқарма мүшелеріне төленген сыйақы көлемі 424 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,3 есеге азайған.

Ұқсас материалдар