Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Бес минуттан артық оталып тұрған көлікке айыппұл салу бүгін пайда болған жоқ»

«Бес минуттан артық оталып тұрған көлікке айыппұл салу бүгін пайда болған жоқ»

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті 5 минуттан артық қыздырудың экологияға әсері туралы айтты.

«Бес минуттан артық оталып тұрған көлікке айыппұл салу нормасы бүгін пайда болған жоқ. Бұл Ішкі істер министрлігінің тақырыбы ғой. Жалпы, біз қолдаймыз. Бұл норманың пайда болғанына 20 жылдан астам уақыт болды. Бірақ, әрине біз әр елдімекеннің экологиялық жағдайын түзеу мақсатында қолдаймыз. Біздің  құзыретіміз тұрғысынан қарасақ, бостан бос қызып тұрған көлік әрине зиян тигізеді. Ал енді болып отырған жағдайға келсек, айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейту мәселесі емес. Жалпы, біз жан-жақты мәселелерді қарастырып жатырмыз», – деп жауап берді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ұқсас материалдар