Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізудің ұлттық моделі бекітілді

Білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізудің ұлттық моделі бекітілді

Қазақстан мектептері мен колледждерде жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізудің бірыңғай ұлттық моделін бекітті.

Тиісті бірлескен бұйрыққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.

Құжат 2025-2029 жылдарға арналған және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Бұл – білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам. Тұжырымдама орта білім, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі ұйымдарды қамтиды.

Басты ерекшеліктері:

  • Жасанды интеллектке қатысты ұлттық стандарттар алғаш рет енгізілді;

  • Оқу процесіне ЖИ тақырыптары, заманауи цифрлық оқулықтар және практикалық жобалар қосылады;

  • Оқушылардың ЖИ саласындағы сауаттылығы мен дағдылары дамытылады;

  • Педагогтерді даярлау үш сатылы модельмен жүргізіледі: Acquire → Deepen → Create;

  • Этика, дербес деректерді қорғау, академиялық адалдық және педагогтің мәртебесі басты назарда болады.

Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл тұжырымдама білім беру саласына жасанды интеллектіні жүйелі әрі қауіпсіз түрде енгізуге мүмкіндік береді. Оның сөзінше, ЖИ мұғалімді алмастырмайды, керісінше, оның рөлін арттырады.

Ал министр Жаслан Мәдиев Қазақстан бұл салада ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және Еуропалық одақтың ұсынымдарын ескеріп, өзіндік ұлттық жолын таңдап отырған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті.

«Біздің мақсат – балалар мен жастардың жай қолданушы емес, технологияларды жасай алатын тұлғаға айналуы», – деді ол.

Ұқсас материалдар