Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бірақатар коллекторлық агенттік тізімнен сызылды

Бірақатар коллекторлық агенттік тізімнен сызылды

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №01 бұйрығына сәйкес бірқатар колекторлық агенттіктерді тізімнен шығарды. 

Атап айтқанда, «Jibek Group» коллекторлық агенттігі» ЖШС,  №02 бұйрығына сәйкес «Samuryk» коллекторлық агенттігі» ЖШС, №03 бұйрығына сәйкес «Церера» коллекторлық агенттігі» ЖШС, №04  бұйрығына сәйкес «ААА-Status» коллекторлық агенттігі» ЖШС, коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылды.

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КҚ туралы заң) 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тізілімнен алып тастаудың негізі қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмау болып табылды.

    КҚ туралы заңның 9-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес коллекторлық агенттік оны коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.

   КҚ туралы заңның 9-бабының 6-тармағына сәйкес, коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды, сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды, берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді, өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді хабардар етуге міндетті. 

Ұқсас материалдар