Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бірінші кредиттiк бюро басшысы Руслан Омаров ұсталды

Бірінші кредиттiк бюро басшысы Руслан Омаров ұсталды

Бірінші кредиттік бюроның басшысы Руслан Омаров пара беру кезінде ұсталды. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм арнасы жазды.

Телеграм арнаның хабарлауынша ол «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылығына жүйелі түрде пара берді деген күдікке ілініп отыр және 80 мың доллар пара беру кезінде ұсталған. Пара беруге себеп – Еңбекминистрлігінің еншілес ұйымы БКБ-ға кредиттік мәліметтерді жедел алуды ұйымдастырған. Жедел алу былай жүзеге асқан – БКБ ұйымға VPN арқылы қосылып, ақпараттарды бәсекелестерінен бұрын алып отырған.

Бұл іс бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықов пен қазіргі басшысы Ақмәди Сарбасов та күдікке ілінген.

Бірінші кредиттiк бюро (БКБ) Руслан Омаровтың ұсталуы туралы ешқандай пікір білдірмеді. Тек компанияның қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат таратты.

«Барлық процесстер, соның ішінде серіктестермен, клиенттермен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу толық көлемде және өзгеріссіз жүзеге асырылады. Бюро әрқашан Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қатаң түрде әрекет етті және әрекет етуде. Мемлекеттік дереккөздерден ақпаратты алу және пайдалану барлық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, заңды негізде жүзеге асырылады. Мәліметтерді заңсыз тарату, заңсыз қол жеткізу фактілері немесе азаматтар, бизнес және қаржы секторы үшін тәуекелдер жоқ», делінген  «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС баспасөз орталығы таратқан ақпаратта.

Руслан Омаров 1999 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, Қазкоммерцбанк, «Crystal Spring» ЖШС, «DARecosystem» ЖШС, «ForteBank» АҚ басшылық қызметте істеген. 2019 жылдың тамыз айынан бері Бірінші кредиттiк бюро басшысы.

Ұқсас материалдар