Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламенттің 2025 жылғы жұмысын қорытындылады.
Биыл 100 заң қабылданғанын, оның 24-іне депутаттар бастамашы болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмыс толық аяқталған. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң қабылданды.
Қоғамдық мәселелерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енді:
-
лудоманиямен күрес күшейтілді, букмекерлік жарнамаға шектеу қойылды;
-
онлайн және офлайн кеңістікте жарнамаға тыйым салу арқылы жастарды қорғау шаралары енгізілді;
-
некеге мәжбүрлеу заңмен реттелді;
-
телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы қатаң шаралар қабылданды;
-
дропперлерге қылмыстық жауапкершілік белгіленді;
-
бір адамға 10 нөмірден артық тіркеуге тыйым салынды, күмәнді нөмірлерді бұғаттау тетігі енгізілді.
Қошанов бұл өзгерістер азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталғанын атап өтті.





