Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл 226 жолаушылар вагоны сатып алынады

Биыл 226 жолаушылар вагоны сатып алынады

 Биыл 226 жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл туралы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов айтты.

«Биыл жолаушылардың жайлылығы мен тасымал сапасын арттыру үшін 226 жаңа вагон сатып алынады. Вагондар отандық ЗИКСТО зауыты мен Штадлер компаниясында өндіріледі. Аталған жылы вагондар 13 бағыт бойынша қатынайды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның дерегінше, мына бағыттардағы пойыздар жаңа вагондармен қамтамасыз етіледі: 

- Алматы-2 – Өскемен;

- Павлодар – Пресногорьковск;

 - Астана – Семей; 

- Астана – Қызылту – Петропавл;

- Алматы – Семей;

- Алматы – Достық;

- Қарағанды – Астана;

- Ерейментау – Астана;

- Алматы – Новосібір;

- Қарағанды – Омбы;

- Алматы – Мәскеу;

- Алматы – Қазан;

- Астана – Достық.

«Жаңа вагондар кондиционер, Wi-Fi, заманауи дәретханалар, кеңейтілген жүк сөрелері, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ерекше санаттағы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалады. Айта кетерлігі, былтыр осы мақсатта 143 жаңа вагон сатып алынған еді. Ал негізінен 2029 жылға дейін отандық вагон паркін 1 000 вагонға дейін жаңарту жоспарда бар», – деді комитет төрағасының орынбасары.

Нұрлан Келбұғановтың айтуынша, сұраныстың көбеюуіне байланысты жолаушылар тасымалы жылдан жылға өсіп келеді, 2024 жылдың қортындысында 2023 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 5,6 пайызға өсіп, 20,8 млн жолаушыға жетті.

«2025 жылы осы көрсеткішті 1 млн жолаушыға арттырып, жолаушылар санын 21,8 млн-ға жеткізу жоспарланған»,  – деді ол.

Ұқсас материалдар