Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл Қазақстан энергетикасында цифрлық жобалар жаппай енгізіледі

Биыл Қазақстан энергетикасында цифрлық жобалар жаппай енгізіледі

Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына байланысты Қазақстан энергетика саласында жасанды интеллектке негізделген жобаларды ауқымды енгізу кезеңі басталады.

Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне ЖИ технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді. Ведомство эксперименттерден гөрі инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты азайтуға және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы шешімдерге басымдық беріп отыр.

Қазіргі таңда салада үш негізгі пилоттық жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы электр беру желілерінің ЖИ-дефектоскопиясы жүргізілуде. Компьютерлік көру мен машиналық оқыту технологиялары сымдар мен тіректердегі ақауларды, қызып кету мен деформацияларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жылу желілерінде акустикалық резонанс технологиясына негізделген роботтандырылған құбырішілік диагностика енгізілген. Бұл жүйе желіні тоқтатпай-ақ құбырлардың жай-күйін бағалауға жол ашады. Газ саласында ЖИ-ассистент газ есептегіштердің көрсеткіштерін фотосурет арқылы автоматты түрде таниды.

Пилоттық жобалар жоғары тиімділігін көрсетті: тексеру уақыты қысқарып, апаттылық деңгейі төмендеп, ресурстарды үнемдеу артқан.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2026 жылы Энергетика министрлігі электр, жылу және газ салаларындағы ЖИ-шешімдерді пилоттық кезеңнен толық ауқымды енгізуге көшуді жоспарлап отыр. Министрлік бұл бағытта отандық ІТ-компаниялармен ынтымақтастықты да жалғастырмақ.

Ұқсас материалдар