Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл мемлекет кепілдігімен алынатын қарыз көлемі 1,9 трлн теңгеге ұлғаяды

Биыл мемлекет кепілдігімен алынатын қарыз көлемі 1,9 трлн теңгеге ұлғаяды

Үкімет көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет кепілдігімен алынатын қарыз көлемін 1,9 трлн теңгеге ұлғайтады.

Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан талқылауда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

«Үкімет елдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған қарыз алу үшін мемлекеттік кепілдіктер береді. Бұл биыл отандық тауарлар мен қызметтерге сұранысты арттырып, экономиканың өсу қарқынын жеделдетеді. Алдағы кезеңдерде бұл бастама транзиттік тасымалдар, ел ішіндегі тасымалдар көлемін ұлғайтып, тұтастай алғанда іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы мемлекеттік кепілдіктер 1,9 трлн теңгеге ұлғаяды. Бұл құрылыс жұмыстарымен қамтуды 13,1 мың км автожолға және 585 км темір жолға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол энергетика мен коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасына қаржы институттарынан қосымша инвестициялар тартылатынын айтты. 

«Ұлттық жоба шеңберіндегі инвестициялар көлемі 5 жыл ішінде 13 трлн теңгеден асады. Бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңге болады», – деді Серік Жұманғарин.

Ұқсас материалдар