Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Сондай-ақ бүгін
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған Рамазан айының  ораза кестесін ұсынады.

Кестені https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/ сілтемесіне өтіп, қажетті өңірді таңдау арқылы жүктей аласыз.

Ұқсас материалдар