
Қазақстан Үкіметі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің 2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізді.
Бұл өзгерістер Жоғарғы аудиторлық палатаның (ЖАП) ұсынымдары негізінде жасалды және холдингтің қарызды тиімді басқаруын қамтамасыз етуге бағытталған.
2025 жылы ЖАП «Бәйтерек» және оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік аудит жүргізіп, жоспарды қайта қарап шығуды ұсынған болатын. Аудит барысында холдингтің қарыздық жүктемесіне, қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттік қаржыға тәуелділігіне қатысты бірқатар ескертулер жасалды.
Негізгі түзетулер:
Жаңартылған даму жоспарына төмендегі тармақтар енгізілді:
-
🔹 Қарыз саясатының негізгі қағидаттары
-
🔹 Қарыз тұрақтылығының сценарийлері, соның ішінде ескерту көрсеткіштері (қарыз жүктемесінің шекті мәндері)
-
🔹 «Мемлекеттік емес қарыз көздерінің үлесі» көрсеткіші, жинақталған міндеттемелерді ескере отырып
ЖАП мәліметінше, бұл өзгерістер «Бәйтерек» холдингіне:
-
Қарыз жүктемесін уақтылы бақылауға
-
Қаржылық тәуекелдерді алдын ала анықтауға
-
Мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділікті азайтуға
-
Қаржылық тұрақтылықты ұзақ мерзімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Үкімет қаулысы жаңартылды«Мемлекеттік емес қаржы көздерін арттыру холдингтің нарықтық тұрақтылығын күшейтіп, жалпы республикалық қаржы жүйесіне оң әсер етеді», – делінген ЖАП хабарламасында.
Аталған түзетулерді бекіту үшін Үкімет 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулыға өзгеріс енгізіп, жаңа редакциясын қабылдады.
«Бәйтерек» холдингінің жаңартылған даму жоспары енді:
-
Қарызды тиімді басқаруды
-
Қаржылық тәуекелдерді болжауды
-
Мемлекеттік қаражатқа тәуелділікті азайтуды
-
Ашық және теңгерімді борыш саясатын қамтамасыз етуді көздейді
Бұл қадамдар холдингтің қаржылық басқару сапасын арттырып, Қазақстан экономикасының тұрақтылығына да оң ықпал етеді.