
Есепте көрсетілгендей, ақаулар туралы хабарлаған пайдаланушылардың 60%-ы интернеттің істен шығуына шағымданып отырса, 40%-ы байланыстың толық үзілгенін хабарлаған.
АҚШ-та Starlink жүйесінің жұмысына қатысты шамамен 63 мыңдай пайдаланушыдан ақау туралы хабар түскен. Үлкен ақаулар Ұлыбритания, Аустралия, Мексика, Аргентина, Чили және Бразилия елдерінде де байқалған.
Канадада шағымдар саны 13 мыңнан, Германияда 11 мыңнан асты.
Айта кетейік, маусымның басында Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы (SpaceX-тің еншілес құрылымы) спутниктік интернет қызметін Қазақстан аумағында ресми іске қосу туралы келісімге қол қойды.
Starlink интернетінің ай сайынғы төлемі 20-25 мың теңге болуы мүмкін екені хабарланды.