Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Болашақ» грантына үміткерден орыс тілін талап еткені рас па? – Министр жауап берді

«Болашақ» грантына үміткерден орыс тілін талап еткені рас па? – Министр жауап берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» грантына үміткер болған Жасұлан Темірбаевтың әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне пікір білдірді.

Ол әлеуметтік желіде «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысқан кезде комиссия мүшелері оның орыс тілін жақсы білмегендіктен кандидатурасын қабылдамағанын мәлімдеген болатын. 

«Бұл мәлімет ақиқатқа сай емес. Себебі бізде конкурстық процедуралар екі сатымен өтеді. Бірінші сатыда тест тапсырады. Екінші сатыда тәуелсіз сарапшылар комиссиясымен сұхбат жүргізіледі. Бірнеше жылдан бері бүкіл сұхбаттар видеоға жазылады. Біз осы мәселені бірден қолға алдық. Видеоны қарағанда ондай сұрақтар қойылған жоқ. Бүгін видео жарияланады. Неліктен бірден жарияламадық? Сарапшылардан біз рұқсат алуымыз керек еді. Ресми түрде! Себебі олардың да құқығы ескерілуі керек», – деді ол.

 Министр шағым иесінің сұхбатын арнайы көріп шыққанын айтты. «Өкінішке қарай, біздің қоғамда хайп көп. Мейлінше, комиссия, конкурстық процедуралар басқа жерде де біз максималды түрде цифрлық форматқа және видеожазба ретінде жүргізіп жатырмыз. Ғылым саласында да видеотіркеуге жатады», – деді ол.

 

Ұқсас материалдар