Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстау облысына келді

Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстау облысына келді
Төтенше жағдайға байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына келген Комиссия мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, оқиға орнында қажетті шаралар қабылдайды. 

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің өкілдері кірді. Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық етеді.
Комиссия мүшелері қазіргі ахуалды бағалап, төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты барлық бағыт бойынша одан әрі қабылданатын шараларды айқындайды.
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге, оқиғаның мән-жайын анықтауға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтердің іс-қимылын үйлестіруге ерекше назар аударылады.
 
Комиссияның жұмысы оқиға орнында жалғасуда.

Ұқсас материалдар